Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні

2023 жылдың 10 ақпанында әскери кафедра студенттерімен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына арналған «Ерлік сабақтары»  өтті.

Бұл іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері отставкадағы генерал-майор А.К. Ерниязов, запастағы кіші сержант Б. Мұсаев шақырылды. Соғыс ардагерлері Ауған соғысы туралы естеліктерімен бөлісті.

Жауынгерлердің сөйлеген сөздері Ауған соғысының оқиғалары туралы деректі фильмнің көрсетілімімен сүйемелденді. Осы іс-шараның соңында шақырылған қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.  

 IMG 20230213 WA0002

IMG 20230213 WA0005

IMG 20230213 WA0009

Top