Әскерилендірілген эстафета өткізу

2022 жылдың 29 сәуірінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына және Отан қорғаушылар күнінің 30 жылдығына арналған әскерилендірілген эстафета өтті.

Эстафетада Ауған соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, отставкадағы генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы мен зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы қатысты.

Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздарын дипломдармен және грамоталармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

 2

3

4

5

6

7

8

Top