«Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, ВИЧ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізу

2022 жылғы 6 мен 12 сәуір аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, ВИЧ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, алкогольдің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтті, ВИЧ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары, оның пайда болу себептері туралы әңгімеледі.

Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.

 WhatsApp Image 2022 04 12 at 15.52.22 1

Top