2023-2024 жаңа оқу жылына дайындық
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасының мәжілісінде әскери кафедра бастығы қауымдастырылған профессор, полковник С. Мұқышев студенттердің 2022-2023 оқу жылының қорытындысын шығарды. Әскери кафедра қызметкерлеріне келесі 2023-2024 оқу жылына оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттамаларын және оқытудың техникалық құралдарын дайындау міндеттері қойылды.