ОҚУШЫЛАРМЕН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2023 жылғы 8 маусымда студенттік жастарға кәсіби бағдар беру және әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің бірінші курс оқушылары М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында болды.

Әскери кафедра оқытушылары әскери кафедра аумағы бойынша экскурсия өткізді, әскери дайындық бағыттары мен қабылдау ережелері туралы әңгімелеп, оқушыларды оқу материалдық базасымен, оқу қару-жарағымен және техникасымен таныстырды.

 WhatsApp Image 2023 06 07 at 15.00.13 1

Top