«ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ» 90 ЖАСТА!

«Қазақ вальсінің королі», ҚР Әнұранының автороарының бірі – Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай, Түркістан облысының Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған балалар саз мектебінің алдына ұлы композиторлың ескерткіші ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ  Естайұлы Шөкеев қатысып, гүл шоқтарының қойылуымен аталған іс-шаралар мәресіне жетті.

Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жылдығына арналған іс-шаралар композитордың туған күні 2020 жылдың 15 тамызынан басталған еді. Шәмші ауылында композитор атындағы «Шәмші саябағы» ашылып, ескерткіш қойылды. Саябақтың төрінде мұражай ашылды.

Аталған іс-шараға оқытушы, запастағы майор Оңалбеков Құрманбек Әділбекұлы қатысып, композитордың жеке мүліктері: шахматын, қаламсабын, темекі мүштігін және пальтоны табыс етті.

Осы іс-шараларды өткізу барысында Алматы қаласынан және басқа да қалалардан арнайы шақырумен келген қонақтарды Арыс қаласының әкімшілігі Арыс станциясында қазақтың ұлттық аспаптар оркестрінің ән-күйімен, шашу таралғысымен күтіп алып, қонақ асын берді.

Қонақтар мінген авто шеруін Арыстан-баб кесенесінде, Түркістан қаласында жергілікті атқару әкімшілігі зор құрметпен күтіп алып, киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырды.

Top