БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында университет, колледж студенттері және орта мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық тәрбиелеу бағыты бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

Қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай әскери кафедра офицерлері «Жеңіс» саябағындағы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге қатысушылар қаза болған батыр жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

2020 жылдың 24 желтоқсанында запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев «Отан үшін отқа түс – күймейсің» тақырыбында әскери кафедраның студенттерімен әңгіме өткізді. «Жас сардар» патриоттық клубы қабырға газетін шығарды.

Осындай іс-шаралар қаза болған батырларды құрметтеу, әскери іс-шараларға қатысушыларға құрмет сезімін дамыту қажеттілігін еске салады.

 

Top