КАДРЛАР ДАЙЫНДАУҒА-БІЗДІҢ ҮЛЕСІМІЗ

Тарихы терең әскери кафедрамызға – 57 жыл... Біз осы мерейтойымызға әскери кафедра ұжымы   лайықты қошеметтеуге тұрарлық жетістіктермен келіп отырмыз.

 Инженерияға кең тыныс қажет: оны ашатын - жастар, бағыт беретін – мұғалім, Бұл қағида баршаға айғақ екені анық. Қазір қабілетті ұлт болудың сан саласы қарастырылуда. Жеке адамның қабілетті болуы тікелей өзіне байланысты. Жеке тұлғаның қабілет  қарымы, ойы мен білімі заманауи жетістіктермен ұштасқанда ғана өзгеден мерейі үстем болмақ. Бір адамның алғырлығы мен алға басар идеясы тұтас қоғамның ажырамас бөлігі ретінде өзгелерге де үлгі - өнеге бола алады. Өзгелерді де бәсекеге шақырады деп тұжырымдасақ қателеспейміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «үнемі оқы, ізден, білім ал, өмір бойы ілім нәрімен сусында» деп халыққа қарата айтатыны сондықтан. Еңдеше, аламан бәсеке-лестікте ұтылмаудың жолы - білімділікте. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөзді ешуақыта назардан тыс қалдырмау керек...

Меніңше, кез келген оқу ордасының басты мақсатының бірі – біліммен қатар, жастарды патриотизмге, ұлтаралық келісім мен толеранттылыққа, әр адамды өзіндік тұлға ретінде тануға тәрбиелеу.

 Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы оқу процесі қазіргі заманғы әскери-педагогикалық ғылымның және оның құрамындағы дидактика жетістіктері негізінде құрылады. Әскери дидактика - бұл әскери білім беру мен оқытудың теориясын жасаушы әскери педагогиканың бір саласы. Ол оқу процестерінің заңдылықтарын оқытады, оның ұстанымдарын қалыптастырады, әдіс-тәсілдерін зерттейді, оқытудың тәрбиелік мәнін үйретеді, оны қолданудың ең тиімді деген жолдарын анықтайды.    

Сол себептен, білімгерлерге заман талабына сай дәріс беріп, олардың бойында отаншылдық рух пен жоғары жауапкершілік қалыптастыру қазіргі оқу тәрбие жұмысында басты назарда.

 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары білім беру мекемелері оқу - тәрбие жұмыстарын жүргізу және жоспарлау бойынша Нұсқаулыққа сәйкес кафедралардың басты міндеттері мыналар: оқу - әдістемелік жұмыстарды бір немесе бірнеше жақын пәндер бойынша жоғары ғылыми деңгейде жүргізу және ұйымдастыру, студентермен тыңдаушыларға тәрбиелік жұмыстар жүргізу, кафедраның ерекшелігіне қарай ғылыми – педагогтық кадрларды дайындау.  

Қазіргі кезде әскери кафедрада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне

запастағы офицерлер бес әскери - есеп мамандықтары бойынша дайындалады:

– «Инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелер мен бөлімдерді жауынгерлік

     қолдану»;

– «Инженерлік жол-құрылыс және көпір салу бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану»;

– «Телефонды байланыс құралдары бар бөлімшелерді қолдану»;

– «Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу»;  

– «Инженерлік қару –жарақты пайдалану және жөндеу».

 Әскери кафедраның негізгі мақсаттары мен бағыты – тәртіпті, жігерлі, психологиялық берік, мейірімділік пен отансүйгіштік рухында тәрбиеленген және де жауынгерлік тапсырмаларды орындауға машықтанған, талапқа сай білімі бар, Отанына адал запастағы офицерлерді дайындау.      

Әскери кафедрада азаматтардың әскери дайындығы запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша жоғары кәсіби білім негізінде офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша жоғары кәсіби білім негізінде мемлекеттік тапсырысқа сәйкесжүргізіледі; екінші курстан басталып, теориялық және тәжірибелік оқу курстарынан құралады және ЖОО бітірерден бір жыл бұрын оқу жиынымен аяқталады.

Әскери кафедраның оқу, материалдық - техникалық базасы оқу бағдарлама-лары мен жоспарларында қарастырылған барлық сабақтарды сапалы өткізуді қамтамасыз етеді. Теориялық сабақтар оқытушы құрамымен әскери кафедраның стендтермен, макеттермен, заманауи компьютерлік техникамен жабдықталған

аудиторияларында өткізіледі.Тәжірибелік сабақтар әскери кафедраның базасында, сонымен қатар, әскери кафедраның және «Оңтүстік» аймақтық басшылығының әскери бөлімдерінің оқу полигондарында өтеді.

Запастағы офицерлер бағдарлама бойынша әскери дайындықтың толық кур-сынан өткен және университетті бітіргендігі туралы диплом алған студенттерге «ЗАПАСТАҒЫ ЛЕЙТЕНАНТ» әскери атағы беріледі.

 Қазіргі кезде әскери кафедраның түлектері Қазақстан Республикасы Күште-рінің түрлі құрылымдарында әртүрлі офицерлік лауазымда қызмет атқарады.

 Осы жоғарыда аталғандардың негізінде мынадай қорытынды жасауға болады, яғни, кафедраны жемісті басқару үшін қазіргі заманға сай дайындығы жоғары мамандар қажет.

 Ал, инновациялық білім берудің мақсаты:

- білімгердің рухани және жеке қалыптасуын, интеллектуалдық өсуін қамтамасыз ету;

- тиісті ойлау тәсілін қалыптастыруға және ғылыми-зерттеу дағдыларын меңге-руге жағдай жасау;

- әлеуметтік-экономикалық және кәсіби салада жаңалықтар енгізу әдістемелерін меңгеруін қамтамасыз ету;

Мұндай бағдарламаны ғылыми зерттеуге, шығармашылық ойлауға қабілетті, белсенді әртүрлі салалардағы мамандардың орталығын ұйымдастыру кезінде жүзеге асыруға болады.

Мұндай орталық қызметіне профессор-оқытушылар құрамы тарапынан қызығушылық, оқу орны басшылары мен әскерлердің қолдауы осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін маңызды шарт болып табылады.

Орталық қызметі оқытушылардың қажеттіліктері мен ұсыныстарына қайшы келмеуі тиіс.

Қарулы Күштерде және бір ыңғай білім беру жүйесінде әскери білім беруді инновациялау қызметінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Атап айтқанда, әскери білім беруді инновациялау:

- біріншіден, жалпы әлемдік білім беруді дамыту, атап айтқанда іргелендіру, кәсіби-лендіру, ырықтандыру, жекеше оқыту және курсанттардың өз бетінше жеке жұмыс-тарының рөлін жоғарылату;

- екіншіден, Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйелерін дамыту үшін көпдеңгейлі әскери білім жүйесін қалыптастыру, білім беру деңгейлері байланыстарының икемділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік тапсырысты білім беру стандарттары үлгісінде ұсыну, бітірушінің мәртебесін икемді қамтамасыз ету;

- үшіншіден, әскери білім беру жүйесінің ерекшелігі - оқу процесінің үздіксіздігі, тәуліктік наряд құрамында оқу мен әскери қызметті үйлестіру, қатаң әскери тәртіпке бағыну, сонымен қатар оқу және оқудан тыс уақытта қатаң тәртіпті сақтау;

- төртіншіден, жоғары әскери училищелерде кіші офицерлерді дайындау төменгі буын офицерлерінің оқу бөлімшелерінің құрамында қатардағы жауынгер, бөлім командирі, взвод командирінің орынбасары ретінде қызмет өткеруін және тағы басқаларды тәжірибе жүзінде үйлестіру болып табылады.

Енді жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы оқу процесі кезінде қазіргі заман талабына сай дәріс беріп, жастар бойында отан шылдық рух пен жоғары жауапкершілік қалыптастыру оқу-тәрбие жұмысында басты назарда.

  Бүгінгі таңда университет материалдық-техникалық базасы басқа да оқу орындарының материалдық-техникалық базасынан артық болмаса кем түспейді.  

 Осы айтылғандардың бәрі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті-нің ректоры, профессор Сарыбеков Махметқали Нұрғалиұлы тарапынан әскери кафедраға деген ерекше қамқорлығының көрінісі.

  Ал, біздің Сағат Мұқышевке келетін болсақ, өзінің ұйымдастырушылық, бастамашылық және еңбекқорлық қабілеттерімен ұжымда үлкен беделге ие.

Осы тұрғыда Сағат Мұқышев басқаратын әскери кафедраның оқытушы офи- церлері өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқару үшін аянбай тер төгіп жатқаны белгілі. Кафедрада әскери мамандықты меңгеріп, еліміздің қорғаныс саласында қызмет етіп жатқан мыңдаған түлектер сол еңбектің нәтижесі, айқын дәлелі. Ертең қатарға қосылатын бүгінгі студентер дайындығы да соның бір мысалын-дай.

Әскери кафедра басқарушысының орынбасары

запастағы подполковник               Әлібеков М.Ф.

Top