БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқу орындарының білім алушыларымен іс-шаралар өткізіледі, оның ішінде университет факультеттері мен кафедраларына танысу экскурсиялары жүргізіледі.

2021 жылдың 18 ақпанында Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Ж. Жылысбаева әскери кафедраға келді.

Әскери кафедра басшылығы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттердің белсенді өмірі, әскери дайындықтың бағыттары, халықаралық ынтымақтастығы және әскери кафедраға түсу ережелері туралы айтып берді. Оқытушы запастағы майор К.А. Оңалбеков әскери кафедраға экскурсия жүргізіп, оқу материалдық базасымен, қару-жарақпен және әскери техникамен таныстырды.

Экскурсия барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

 

Top