ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

2021 жылдың 15 ақпанында отыз екі жыл бұрын Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарыла бастады. Осы атаулы күнге әскери кафедрада студенттермен ерлік сабағы өтті. Осы тақырыптық іс-шараға интернационалист-жауынгер, аға сержант Жүнісәлиев Тұрсын Тұратұлы шақырылды.

Соғыс қимылдарына қатысушы, соғыс ардагері  Ұлы Отан соғысынан кейінгі ұзақ уақытқа созылған және ауқымды жергілікті жанжал болып табылатын Ауған соғысы туралы естеліктерімен бөлісті. Ол Отан алдындағы азаматтардың ерлігі, батырлығы мен парызы туралы өзінің көзқарасын ашып айтты. Жауынгерлік ұрыс-қимылға қатысушының әңгімесі Ауған оқиғалары туралы деректі фильмді көрсетумен бірге жүрді.

Іс-шара соңында шақырылған қонаққа естелік сыйлықтар табыс етілді.

Top