КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ АҒАДІЛ СУХАМБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

2021 жылдың 25 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқу залында Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Сухамбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының журналистика ардагері Тұрсынхан Толқынбайұлы, Байзақ ауданының Құрметті азаматы, М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің профессоры Үсембаев Болат Үсембайұлы шақырылды. Ардагерлер қоғамынан Түйебеков Нұржан Жапарұлы және әскери кафедраның аға оқытушысы, магистр, отставкадағы подполковник Жұмабеков Ұлықбек Жұмабекұлы қатысты.

«Ерлік отаны – батыр Отаны» жобасы ТМД және алыс шетел елді мекендері арасында ынтымақтастық орнату үшін құрылып, оларды босату кезінде Кеңес Одағының Батыры атағын беру және Даңқ ордендерінің толық жиынтығымен марапаттау арқылы ерліктер жасалған.

Top