ОБЛЫСТЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Тулебаева С.К. және Абенова М.М. ұйымдастыруымен Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектептерінің 10–11 сынып оқушылары және қалалық колледж студенттері арасында ағылшын тілінде эссе жазу бойынша облыстық байқау өтті.

 Байқау тақырыбы: 

"How Can Kazakhstani Students Stay Motivated and Successful in the Age of Technology?"

 Мақсаты: 

Оқушылар мен студенттердің жазу дағдыларын арттыру, сыни ойлауын дамыту, өз көзқарасын ағылшын тілінде сауатты жеткізуге машықтандыру.

✅Қатысушылар: 

42 мектеп пен Тараз қалалық колледжінен 65-ке жуық оқушы мен 1–2 курс студенттері қатысуға өтініш білдірді.

 Нәтиже: 

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, 

I, II, III орын иегерлері дипломмен, 

барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды.

 Байқау ерекше атмосферада өтті. Қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай білім беру жобаларының жалғасуына сенім артты.

Толығырақ

Мәтінді талдау: идеялардан тәжірибеге дейін

2025 жылдың 28 қазанында Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында мәтінді талдау, түсіндірме беру және түсіндірудің қазіргі заманғы тәсілдері бойынша практикалық семинар өтті. Дулати университетінің оқытушылары - доценттер А.А. Аладыина мен Г.К. Әбдірахман, сондай-ақ аға оқытушы Г.И. Игілікова гимназия мұғалімдерімен бірге мәтінді тілдің негізгі бірлігі ретінде талқылады. Мұғалімдер лингвистика мен лингводидактикадағы мәтінді түсіну мәселесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар оның табиғаты туралы кейбір стереотиптерді жоққа шығарды, мәтіндерді қалай қайта оқу, қайта түсіндіру және жаңа тәсілдермен жасау керектігі туралы сұрақтарға жауап берді. Семинар интерактивті түрде өтті, оқытушылар университеттегі мәтіндермен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті, ал мұғалімдер құралдарды әзірлеудегі қазіргі қиындықтарды шешті.

Толығырақ

«Шет тілдік білім берудегі инновациялар: тәжірибе, негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік семинар

2025 жылғы 17 қазанда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Шет тілдік білім берудегі инновациялар: тәжірибе, негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Толығырақ

«ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫ

“Филология және гуманитарлық ғылымдар” факультетінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен 17-қараша “Студенттер күні” мерекесіне орай “Студенттік өмір - қайталанбас көңіл” атты мерекелік іс-шара өтті.
• Іс шара барысында Исабекова Гулнур Болатбековна белсенді студенттерді алғыс хатпен марапаттады!

Толығырақ

Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

Ағымдағы жылдың 29-30 сәуір күндері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (ҚазХҚжәнеӘТУ) Шет тілі, екі шет тілі: ағылшын тілі білім беру бағдарламасы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Аталмыш білім додасына университетіміздің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің, 6В01707 "Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасының студенттері белсене қатысты.

Толығырақ

XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті

"6В01717 - Қазақ тілі мен әдебиеті"білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындарының бакалавриат білім алушылары арасында 22-23 сәуір аралығында XVII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Толығырақ

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетіндегі антиплагиат бойынша семинар: Академиялық адалдыққа бағытталған маңызды қадам

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті университет оқытушылары үшін маңызды оқиғаға айналған антиплагиат мәселелеріне арналған семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – ғылыми этика деңгейін арттыру және білім беру үдерісінде академиялық адалдық стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету.

Толығырақ

«Қыз баланың денсаулығы: гинекологиялық сауаттылық және өзін-өзі күту» тақырыбында кураторлық сағат өтті

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті,»Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Э.А.Шаханованың жетекшілігімен КЯ-23-7 тобы студенттерімен «Қыз баланың денсаулығы: гинекологиялық сауаттылық және өзін-өзі күту» тақырыбында кураторлық сағаты өткізілді.

Толығырақ

“Ғашықтың тілі – тілсіз тіл” атты жас ақындар сайысы өтті

15 сәуір – Ғашықтар күні мерекесі қарсаңында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға кураторы Қалиева Жансая Дарханқызының ұйымдастыруымен “Ғашықтың тілі – тілсіз тіл” атты жас ақындар сайысы өтті.

Толығырақ

Журналистер шығармашылығын шыңдады

2025 жылғы 1-3 сәуір аралығында Түркістан қаласында «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ Қазақстан ЖОО оқытушыларына, журналистерге және жас мамандарға арналған үш күндік оффлайн-тренинг – FactCheck Dive Offline Training өтті.

Толығырақ

«I’ve been afraid of it for years» тақырыбында ашық сабақ өтті

2025 жылдың 27 наурыз күні «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Қалымбет А.С. «Химия IP» мамандығының 1 курс студенттерімен «Шет тілі – 2» пәні бойынша «I’ve been afraid of it for years» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Толығырақ

«Could do better» тақырыбында ашық сабақ өтті

2025 жылдың 7 сәуір күні «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Заурбек А.Б. «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1 курс студенттерімен «Шет тілі-2» пәні бойынша «Could do better» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Толығырақ

«Цифрлық дәуірдегі кәсіптердің трансформациясы» тақырыбындағы XXVII студенттік ғылыми-практикалық конференциясы

«Цифрлық дәуірдегі кәсіптердің трансформациясы» тақырыбында өткен жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының бағдарламасына сәйкес № 1 «Тарих және география» секция жұмысы 04.04.2025 ж. аралығында № 2.6 413 аудиторияда өтті. Секция жетекшісі: Серікбаев Е.Қ.

Толығырақ

Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен «Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы аясындағы зерттеулер» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ

ҚҰРЫЛТАЙ – ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ҰҒЫМЫ

2025 жылғы 2 сәуір күні Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының КЯ-24/1, КЯ-24/3, КЯ-24/5 топтарымен университет мұражайында Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, тарихшы Аслан Еділханұлының қатысуымен еркін форматта ерекше дәріс өтті.

Толығырақ

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында 1-курс студенттеріне арналған тәрбиелік шара өтті. Іс-шараны «Конвергентті журналистика» және «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандықтарының студенттеріне оқытушы Заурбек А.Б. және қауымдастырылған профессор м.а, PhD Тургунтаева Г.А. ұйымдастырды.

Толығырақ

Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған шығармашылық кеш

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Заурбек А.Б. және Қалымбет А.С. ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Толығырақ

“Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз” мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті

20.03.2025ж. “Филология және гуманитарлық ғылымдар” факультеті, “Әлем тілдері” кафедрасының оқытушылары Сабырбек Назым Есілқызы мен Кошенова Әсел Турсынханқызының ұйымдастыруымен 1/2/3 курс студенттерімен “Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз” мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Концерт барысында ән мен би, дәстүрлі ойындар мен күйлер орындалды. Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын, молшылық пен татулық әкелсін.

Толығырақ
Top