«Could do better» тақырыбында ашық сабақ өтті

2025 жылдың 7 сәуір күні «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Заурбек А.Б. «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1 курс студенттерімен «Шет тілі-2» пәні бойынша «Could do better» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту, мектеп кезіндегі қызықты сәттерді еске түсіре отырып, жаңа лексиканы сөйлеу барысында дұрыс қолдануға дағдыландыру болды.

Ашық сабақ барысында студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, берілген тапсырмаларды белсенді орындап, өзара пікір алмасып, шығармашылықтарын көрсете білді. Сабақ қызықты әрі интерактивті форматта өтіп, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Осындай сабақтар білім алушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, практикалық дағдыларын шыңдауға ықпал етеді.

сабак1111

сабак2222

сабак333

сабак444

 

Top