Семинарға жоғары оқу орындарының оқытушылары, қала және облыс мектептері мен колледждерінің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның ашылуында қатысушыларды келесі басшылар қарсы алды:
- Исабекова Г.Б., филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы;
 - Кудабаева П.А., «Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі.
 
Семинар Қытай, Германия, АҚШ және Қазақстан елдерінен келген мамандардың басын қосып, шет тілдік білім берудегі халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жоғары деңгейін көрсетті.
Семинар аясында келесі секциялық тренингтер өткізілді:
4.1.301 аудиториясы
“How to Enhance Motivation in Language Learning Through Cultural Resonance. A Case Study of Chinese Language Teaching to Kazakh Students”
Спикер: Luo Juan Juan (ҚХР, Ланьчжоу)
- 4.1.305 аудиториясы
 
“Didactic System of Foreign Language Teaching”
Спикер: Gisela Batzel (Германия)
- 4.1.304 аудиториясы
 
“Language and Cultural Communication: Teaching the Unspoken Nuances of Language”
Спикерлер: Emma Katarina Kim (АҚШ, Оберлин, Огайо), Якияев Нурлыбек (Қазақстан, Тараз)
- 4.1.302 аудиториясы
 
“Project Based Learning in a Flipped Classroom”
Спикерлер: Алимханова Гүлнұр (Қазақстан, Тараз), Сабырбек Назым (Қазақстан, Тараз)
- 4.1.303 аудиториясы
 
“Ways of Developing Functional Literacy and Managing Motivation Through Values-Based Teaching”
Спикерлер: Марина Добрынина (Қазақстан, Тараз), Меруерт Кадырова (Қазақстан, Тараз)
Семинар қатысушылар арасында өзекті тақырыптарды талқылауға, тәжірибе алмасуға және инновациялық әдістермен танысуға мүмкіндік берді. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және практикалық маңызын атап өтті.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушылар барлық спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.





			