Сайттың жаңа нұсқасы

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯ

04.12.2025 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз университінің «Медико- биологиялық іс» Білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан!» атты әдеби-музыкалық композиция ұйымдастырылды.

Іс-шара ел тарихын заманауи көзқараспентүсіндіруді мақсат етіп, дәстүрлі емес форматтар арқылы студенттердің қызығушылығын арттыруға бағытталды. Әдеби композиция барысында студенттер еліміздің Тәуелсіздікке дейінгі күрес жолын интерактивті түрде «қайта бастан кешірді»: қысқа деректі видеолар, хронологиялық квиздер, тарихи рөлдік мини-ойындар мен шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Әр кезең Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқан сәттерімен логикалық байланыстырылып көрсетілді. Тәрбиелік шараның ең әсерлі бөлігі – студенттердің өздері дайындаған «Менің Қазақстаным – болашаққа көзқарас» атты мини-презентациялары. Олар Тәуелсіз мемлекеттің дамуына үлес қоса алатын жас маман ретіндегі рөлін, патриоттық жауапкершілікті және қазіргі Қазақстан жастарының мүмкіндіктерін атап өтті.

Әдеби- музыкалық композиция мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның тек тарихи деректерін атап көрсету емес, мемлекеттің бүгінгі жетістіктерін терең сезініп, болашаққа сеніммен қарау. Тәуелсіздік – өткеннің мұрасы ғана емес, әрбір жастың қолындағы жауапкершілік екені ерекше аталды.

Іс-шараны ұйымдастырушы Орыс тілі мен әдебиет кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Л.Н.Ибраимова Қазақстанның рухани тұтастығы, мәдени құндылықтары мен ұлттық бірлігі туралы өз ойымен бөлісті. Тәрбиелік іс-шара еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ете отырып, жастарға желтоқсан құрбандарының салып кеткен сара жолын үлгі етіп көрсету және жаңа Қазақстанның сындарлы саясаты айқындалып, достық, бірігу және мақтаныш атмосферасында өтті.

тау1111

тау2222

тау3333

 

Top