


«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Тулебаева С.К. және Абенова М.М. ұйымдастыруымен Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектептерінің 10–11 сынып оқушылары және қалалық колледж студенттері арасында ағылшын тілінде эссе жазу бойынша облыстық байқау өтті.
Байқау тақырыбы:
"How Can Kazakhstani Students Stay Motivated and Successful in the Age of Technology?"
Мақсаты:
Оқушылар мен студенттердің жазу дағдыларын арттыру, сыни ойлауын дамыту, өз көзқарасын ағылшын тілінде сауатты жеткізуге машықтандыру.
✅Қатысушылар:
42 мектеп пен Тараз қалалық колледжінен 65-ке жуық оқушы мен 1–2 курс студенттері қатысуға өтініш білдірді.
Нәтиже:
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып,
I, II, III орын иегерлері дипломмен,
барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды.
Байқау ерекше атмосферада өтті. Қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай білім беру жобаларының жалғасуына сенім артты.


