Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

Ағымдағы жылдың 29-30 сәуір күндері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (ҚазХҚжәнеӘТУ) Шет тілі, екі шет тілі: ағылшын тілі білім беру бағдарламасы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Аталмыш білім додасына университетіміздің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің, 6В01707 "Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасының студенттері белсене қатысты.

Атап айтқанда, Нұрмұхамбетова М., Ташболатова Ж. және Нестерова Л. өз білімдері мен біліктіліктерін сынға салды. Қуанышты жаңалық, олимпиада қорытындысы бойынша 3 курс, ШТ 22-2 тобының студенті Нестерова Лана үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді! Бұл – студентіміздің табанды еңбегінің және оны дайындаған оқытушылардың кәсіби шеберлігінің жемісі. Осы орайда, студенттерді олимпиадаға жоғары деңгейде дайындап, олардың жетістікке жетуіне зор үлес қосқан Әлем тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына ерекше алғысымызды білдіреміз! Лананы және оның жетекшілерін осы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім додаларында толағай табыстар тілейміз!

абылай11111

абылйа22222

 

Top