Журналистер шығармашылығын шыңдады

2025 жылғы 1-3 сәуір аралығында Түркістан қаласында «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ Қазақстан ЖОО оқытушыларына, журналистерге және жас мамандарға арналған үш күндік оффлайн-тренинг – FactCheck Dive Offline Training өтті.

«MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ ұйымдастыруымен және Nippon қорының қолдауымен өткізілген   оффлайн-тренингте Жамбыл, Қызылорда, Шымкент, Кентау,Түркістан қалаларынан қонақтар келді.

Аталған іс-шараға «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ шақыртуымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Журналистика және филология» кафедрасының аға оқытушысы,журналистика магистрі, Койгельдиева Зауреш барып қатысып қайтты.

Оффлайн-тренинг бірнеше сессиядан тұрды. Алғашқы сессия Думан Смақов пен Белла Орынбетованың «Фактчекинг негіздері мен верификация құралдары» атты практикалық сабағымен басталды. Тәжірибелік сабақтан фактчекинг пайда болуы, верификацияның даму жолдары туралы ақпарат алынды. Келесі сабақ Жансерік Тілеухан және Думан Терлікбаевтың «Интерактив дискуссия; дезинформация мен фактчекинг» атты күрделі мәселені қозғаған тақырыппен жалғасты.

Сабақ барысында дезинформация туралы көптеген ақпарат алынды. Тәжірбие алмасу кезеңінде қатысушылар «Сіз кездестірген фейктер» атты тақырыпқа өмірде кездестірген мысалды ала отырып, ой жинақтады. «Фейктердің көзі және таратылу механизмдері, Қазақстанда және әлемде болған шынайы жағдайлар» атты кейстер талданды.Тәжірбиелік сабақ «Қайсысы фейк?»куизін жасап, сұраққа жауап берумен аяқталды.

«Фактчекинг негіздері» атты дәріс сағатын   Думан Смақов пен Думан Терлікбаев өткізді. Қазіргі таңда аса сұраныстағы тақырып «Фактчекинг журналистиканың жеке жанры ретінде», «Фактчекинг методологиясы мен этикасы» тақырыптары қатысушылардың қызығушылығын оятты. Тренерлерге сұрақ қойылып, қажет жауап берілді. «Статистикадағы манипулияцаларды анықтау, Деректер манипулияциясын анықтау әдістері,Факт vs. пікір: тексерілетін ақпаратты анықтау» сияқты мәселелер айтылды.

Келесі сессия «Логикалық қателер мен пребанкиң стратегиялары» атты тақырып   Думан Терлікбаев және Жансерік Тілеухан жүргізуімен жалғасты.   «Ашық дереккөздерді зерттеу және деректерді тексеру» сессиясы тартысты өтті.«Ақпараттың сенімді және сенімсіз көздері» тақырыбын өткізу барысында екі жақты пікірлер болды.

«Қазақстандағы және әлемдегі негізгі ашық деректер базасы.Статистикадағы манипуляцияларды анықтау.Деректер манипуляциясын анықтау әдістері» болашақ журналистер үшін өте пайдалы болды. Ақпарат ғасыры, әлеуметтік желінің дамыған кезі, «ненің бұрыс, ненің дұрыс» екенін білмей қалған кезең, қатысушылары нағыз жауабын осы сессиядан тапты.

Дәріс сағатының соңы белгілі бір тұлғаның айтқан сөзінің рас-өтірігін анықтауға арналған дерекөздерімен жұмыс жасаумен аяқталды.

«Интернеттен кеңінен іздеу» атты бөлімін Думан Терлікбаев пен Жансерік Тілеухан жүргізді. Қатысушылар «Іздеу жүйелерінде ақпаратты кеңінен іздеу, Әлеуметтік желілерде ақпаратты кеңінен іздеу» сұрақтарына жауапты тәжірибе жүзінде берілді. Практика айтылған ақпаратты тексеру үшін кеңінен іздеу әдістерін қолдану арқылы бекітілді.

Ғаламтордың күн өткен сайын қарқынды дамуы ақпаратты лезде алу мүмкіндігін артумен қатар оқырман, көрермен, аудитория, желіні пайдаланушы ғана емес журналистер арасында жаңа қиындықтар жасауда.

Сессияның екінші күні болған тәжірибелік сағат журналистердің болашақта қате жасамауына жол ашқан сабақ болды. Думан Смақов пен Думан Терлікбаевтің «Факчекиң стратегиялары мен құралдары Фактчекинг процетері: зерттеуден мақала жазуға дейін» атты тәжірибелік сағатының өте маңыздылығы сол өтірік пен шындықты ажырата білу еді.Тренер Думан Смақов жас журналистің фактчекинг тақырыбына мақала жазғанда абай болатын кезеңдеріне тоқталды.

«Логикалық қателер мен пребанкиң стратегиялары» атты сессияның берері көп болды. Қатысушылар қазіргі таңда енді қосылып жатқан «Дебанкиң, пребанкиң туралы,пребанкиң стратегиялары туралы ақпарат алды. «Пропаганда қалай жұмыс істейді: эмоциялық триггерлер, логикалық қателер, дезинформация модельдері» атты тәжірибелік сағат қоғамның саналы түрде БАҚ-тан берілген ақпаратқа қарағанда, әлеуметтік желідегі беріліп жатқан ақпаратқа сенетіндігіне көз жеткізілді.Пребанкиңге кіріспе: қоғамның дезинформацияға қарсы тұру пәрменін күшейту. Дәріс сағатын бекіту пропагандалық нарративтерді талдау және пребанкиң стратегияларын жасаумен аяқталды.

Тренерлер Думан Смақов пен Жансерік Тілеухан «Фото және видео верификациясы» атты тәжірибелік сағатымен жалғастырды.Тәжірибелік сағат «инфодемия, апофения, конспирология» сөздеріне түсінік берумен басталды.

Фейк ақпараттар өміріміздің ажырамас бөлігі болуда. Соның ішіндегі фото, видео шынайылығын тексеру өте керек. Жансерік Тілеухан cурет арқылы іздеу (Google Images TinEye Yandex) дереккөздеріне ерекше тоқталды. Журналистер видеоны тексеру: метадеректер, негізгі кадрларды талдауда белсенді болды. Практикалық сабақ фото мен видеоның шынайылығын тексеру материалдарымен бекітілді.

Сессия барысы «Уәдені тексеру: практикалық сессия»Думан Терлікбаев, Думан Смақовтың тәжірибелік сағаты жалғастырды. Тәжірибелік сағатта

  • Әлеуметтік желідегі факчекиң мен мақала жазу.
  • Әлеуметтік желідегі және ЖИ арқылы арқылы жасалған контенттегі дезинформацияны анықтау.
  • Instagram, TikTok, Facebook платформаларындағы дезинформацияның кең тараған түрлері
  • ЖИ дипфейктерді және синтетикалық медианы қалай жасайды сияқты мәселелер қарастырылды.Практика бөлімінде  вирус болған дезинформацияны және ЖИ көмегімен жасалған фейктерді анықтады. Қорытынды практикалық тапсырма: фактчекиң мақаласын жазу.

«MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ ұйымдастыруымен және Nippon қорының қолдауымен өткізілген   офлайн-трениңке оңтүстік аймақтан келген қатысушыларға сертификат тапсырылды.

«MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ ұйымдастырған офлайн-трениңктің ерекшелігі   эксперттермен чат: онлайн-консультация алу мүмкіндігі Zoom-сессиялар: практикалық кейстерді талқылау және тәлімгерлік: фактчекиң мақаласын жазуда 2 ай қолдау көрсету болды.

Сонымен қатар тәжірибе жинақтаймын деген  ең белсенді қатысушылар үшін білім деңгейін көтеруге арналған оқу 2025 жылдың күзіне тәжірибеген шақырылды.

Журналистің басты міндеті ақпарат кеңістігіне барынша шынайы ақпаратты орналастыру. Кез – келген журналист-контент сатушы. Журналист өзінің материалында статистика, расталған мәліметтер, сандар, логика мен ұтымды тұжырымдарды қосу арқылы арқылы субъективтілік көзқарасты мейлінше азайта алады.

Еліміздегі медианың дамуына үлес қосып жүрген журналист кәсіби болу үшін техниканы ғана пайдаланып қоймай, ақпаратты өңдеу барысында өзінің шығармашылық қабілеттілігін пайдалана алуы керек.

Түркістан қаласында «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ Қазақстан ЖОО оқытушыларына, журналистерге және жас мамандарға   арналған офлайн-тренингтің берері көп болды.

Зауреш Койгельдиева Журналистика және филология кафедрасының аға оқытушысы

факт111

факт222

факт333

 

Top