"Конвергенттік журналистика" студенттеріне “Aq jol” газетінің журналисі қонақ дәрісін оқыды

2025 жылдың 20 қарашасында Конвергенттік журналистика білім бағдарламасының 1-курс студенттері үшін дәстүрлі «Қонақ дәрісі» ұйымдастырылды. Шараға «Aq jol» газетінің журналисі Байназарова Эльмира шақырылып, болашақ медиа мамандарымен кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Қонақ дәрістің негізгі мақсаты – студенттерді бүгінгі журналистиканың трендтерімен таныстыру, ақпаратты мультимедиалық форматта ұсыну дағдыларын дамыту және редакциялық ортада жұмыс істеудің жауапкершілігін түсіндіру болды. Сондай-ақ, практикалық мысалдар арқылы фактчекинг, тақырыпты таңдаудың маңызы және аудиториямен байланыс орнатудың тиімді жолдары талқыланды.

Эльмира Байназарова жас журналистерге әрқашан сапалы ақпарат беруді бірінші орынға қою керектігін атап өтті:

«Журналист – қоғам мен оқырман арасындағы көпір. Сол көпір мықты болуы үшін сіздер үздіксіз іздену мен жауапкершілікті серік етуге тиіссіздер», – деді ол.

Студенттер мамандық бойынша көкейдегі сұрақтарын қойып, облыстық басылымда жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы қызықты ақпарат алды. Дәрістен кейін көпшілігі журналистикаға деген ынтасының артқанын атап өтті.

Шара жас тілшілер үшін болашақ кәсібін тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, кәсіби бағыт-бағдарын айқындай түсті. Шараны ұйымдастырушылар Журналистика және филология кафедрасының аға оқытушылары Мырзабаева Б., Абдыханова Ғ.

фил1111

фил2222

фил3333

фил4444

 

Top