Дөңгелек үстел алғы сөзін Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы алды.Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы Алаш арыстарың бірі болған М.Дулатұлының өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» мемлекеттік комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Президенті архивінің қолдауымен жарық көрген «Алашорда ісі 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен материалдар» 12 томдық кітабының жарық көргенін айта келіп, ондағы келтірілген деректер мен құжаттар жайлы әңгімеледі.
Сонымен қатар дөңгелек үстелге Тараз қаласы, Жамбыл ауданы, Рахметова Кенжегуль Абдикалыковна, Міржақып Дулатовтың қазақ елінің тарихындағы алар орны мен еңбектері, Тараз қаласы, Талас ауданы, Қодамбаева Индира Рахметхановна, Міржақып Дулатұлының шығармалары және қазіргі қазақ қоғамы атты тақырыпта дайындалған баяндамаларын баяндады.
«Тарих» кафедрасының т.ғ.к., доцент Сейткулова Жанна Мамбетовна, «Тарих» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Максутова Альбина Абеновна, «Тарих» кафедрасының тарих ғылымдарының магистрлері Мырзаханова Назгул Рысбековна, Кобесова Акнур Смаиловна, Сейдан Замира Сейдановна және 6В02211-Тарих білім беру бағдарламасының 1,2,3 курс студенттері Айтжан Арайлым, Карадуман Земфира Дурсуновна, Ибаділда Саяжан Асхатқызы тақырыпқа байланысты баяндамалары мен толықтыра түсті.Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ» өлеңінің қазақ халқының рухын оятудағы маңызын айтып өткен дөңгелек үстелге қатысушы баяндамашыларымызбен ғалымдарымыз Алаш идеясын жалғаған Алаш қайраткерлерінің еңбегін насихаттау бағытында атқарылып жатқан шараларды айтып өтті. Өскелең ұрпаққа тарихи тұлғалаларымыздың еңбектерін насихаттау біздің тұлғалық парызымыз деп білеміз.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысымызды айта отырып, Алғыс хат тапсырылды.