«ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

2024 жылы 31-қантарда Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Алпысбаев "Педагогика және әлеуметтік ғылымдар" факультетіне қарасты "Психология" мамандығының 1-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты - студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни идеологияның қауіп қатерін түсіндіру, интернет желісінде экстремизмдік идеясы бар діни мазмұндағы ақпараттарды таратуға болмайтындығы, шетелдік діни уағызшылардың үгіт-насихатынан сақ болу және дін саласын реттейтін заңдық нормаларды танып білу болып табылады. Студенттерге бейнеролик көрсетіліп және өздерінің мазалаған сұрақтарына жауаптарын алды.

Толығырақ

СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2023 жылы 08-желтоқсанда «Химия және жимиялық технология» кафедрасының кураторы Кулбаева Дилбар Альманқызының ұйымдастыруымен «Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері» тақырыбында "6В07115 -ХИП", "6В05314-Химия" мамандығының 1-курс студенттеріне ашық кураторлық сағаты өтілді. Аталған кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, студенттерге ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыттары, интернет желісінде күмәнді діни парақшаларға тіркелмеу, экстремизмдік идеясы бар діни уағыздарды тыңдамау туралы ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар, жастардың діни танымы әрқашанда қазақ тарихымен, қазақ әдебиетімен, қазақ ұлы ойшылдардың діни мұраларымен сабақтасу қажет екендігі айтылды. Қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, еркін форматта пікір алмасылды.

Толығырақ

«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Әлеуметтік жұмыс басқармасы студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында институт және факультеттермен бірлесе отырып, дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған орай, 2023 жылының 03-қарашада «Технологиялық» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.

Толығырақ

«СУ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСТІРУ» ИНСТИТУТЫНЫҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Әлеуметтік жұмыс басқармасы студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында институт және факультеттермен бірлесе отырып, дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған орай, 2023 жылының 23-қазанда «Су шаруашылық және табиғатқа үйлестіру» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.

Толығырақ

ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Әлеуметтік жұмыс басқармасы студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында институт және факультеттермен бірлесе отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған орай, 2023 жылының 13-қазанда «Экономика және құқық» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сағат 12.00-де «Құқытану» мамандығы және сағат 15.00-де «Экономика» мамандығы бойынша екі іс-шара ұйымдастырылды. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.

Толығырақ

«ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ»

2023 жылы 28-қыркүйек күні «Ұстаз» институтына қарасты «Физика» мамандығының Ф-21-3 тобының кураторы Мадалиева Эльмираның ұйымдастыруымен діни экстремизмнің алдын-алу бағытында кездесу өтілді.  Аталған кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев қатысып, студент жастарға қоғамдағы діни жағдаймен таныстырып өтті. Сонымен қатар, жастардың радикалдық діни идеологияның ықпалына түспес үшін, дін мен дәстүрдің арасындағы сабақтастығы және дәстүрлі танымда қалыптасқан діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. 

Толығырақ

ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Дулати университетінің тәрбие жұмыс жоспарында рухани-адамгершілікті дамыту бағыты қамтылған. Осы бағытқа байланысты жүйелі түрде іс шаралар жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, 2023-2024 оқу жылының 08-қыркүйекте "Ақпараттық технологиялар" факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.

Толығырақ

«ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

2023 жылдың 26 - сәуір күні «Су шаруашылық және табиғатқа үйлестіру» институтының 1-курс студенттеріне рухани-адамгершілік және ұлттық тәрбиеге байланысты кураторлық сағаты өтілді. Тәрбие сағатында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ. Алпысбаев қатысып, студенттерге ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдағы діни радикализмнің қауіпі мен алдын-алу жолдарын айтып өтті. Б.Алпысбаев өз баяндамасында қоғамдағы радикалдық діни идеология қазақ мұсылмандық мәдениетін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттердің бірі болып табылады. Дін мен дәстүрдің арасын айырып, бір-біріне қарсы қоюға бағытталған әрекеттер ұлт болмысын екіге жарудың амалы ретінде қауіпті. Сол үшін дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі болуы қажет.

Толығырақ

«СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ»

2023 жылдың 26 - сәуір күні «Қолданбалы математика және статистика» кафедрасының кураторы А.Айтқазинаның ұйымдастыруымен «Математика» мамандығының 2-курс студенттеріне «Имандылық – адам айнасы» тақырыбында кураторлық сағаты өтілді. Аталған іс-шараға дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев шақырылып, студент жастармен рухани құндылық және ұлттық тәрбиеге байланысты тәрбиелік сұхбат жүргізілді.

Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Студенттер дін саласындағы өзекті сұрақтарын қойып, оларға дінтанулық, теологиялық бағытта жауаптар берілді.

Толығырақ

«СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ»

2023 жылы 13-сәуір күні «Философия және саясаттану» кафедрасының бастамасымен №1 Студенттер Үйінде дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесуге Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ. Алпысбаев шақырылып, жатақхана студенттеріне қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың қауіпті белгілері және олардан сақтану жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, студенттер тарапынан өздерің мазалаған діни сұрақтарын қойып, оларға дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді. Жалпы қатысқан студенттер саны – 50.

Толығырақ

«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ»

2023 жылдың 13 - сәуір күні «Өнер және спорт» факультетінің кураторы П.Әбдікеримованың ұйымдастыруымен «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламысының 1 - курс студенттеріне қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың алдын-алу бағыттары бойынша кездесу өтілді. Кездесуге тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ. Алпысбаев қатысып, студенттерге деструктивті діни ағымдардың қауіпті белгілерін (зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық таныту, мазхабтарды оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығару, заманауи мәдениет және өнер түрлеріне өшпенділік таныту) түсіндіріп өтті.

Толығырақ

«ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН»

2023 жылдың 11 - сәуірде  «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасына қарасты «Филология: ағылшын филологиясы» мамандығының 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты кездесу өтілді. Кездесуге Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, студент жастарға еліміздегі діни жағдай туралы, деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатері және интернет желісіндегі күмәнді діни парақшаларға тіркелмеу, қоғамдық жерлерде діни уағыз-насихатты таратпау мәселелері толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттердің сыртқы келбетіне, киім мәдениетіне назар аудару қажеттілігі де айтылды.

Толығырақ

«ДІНИ КЕЛІСІМ - БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ»

2023 жылдың 10 - сәуірде «Білім берудегі шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Э.Бектұрсынованың бастамасымен «Қазақ тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне «Діни келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Аталған іс-шараға Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, қоғамдағы  деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану үшін, жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру және дәстүрлі діндердің ғылыми-теориялық негізін дамыту қажеттілігі айтылды. Қойылған сұрақтарға дінтанулық бағытта жауаптар берілді.

Толығырақ

«АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДІНИ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР»

2023 жылдың 28-наурыз күні Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінде   «Діни экстремизм мен суицидтың алдын-алу жолдары» тақырыбында семинар өтілді. Аталған мекеменің сұраныс хатына сәйкес, Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, семинарда ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағыттарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, мекеме басшысы А.Абсатов тарапынан азаматтық қорғау органдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға арналған іс-шараларға белсене қатысқандығы және өрт жауынгерлеріне патриоттық, рухани құндылықтарды дарытқандығы үшін Б.Қ.Алпысбаевты алғыс хатпен марапаттады.

Толығырақ

«ДІНИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

2023 жылдың 15-наурыз күні «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының оқытушылары Р.Ж.Джанузақова мен Л.Н.Есмаханованың ұйымдастыруымен  №1 студенттер үйінде «Құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» тақырыбында кедесу семинары өтілді.  Аталған семинарға университет құамындағы Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қонақ ретінде шақырылып, дін саласына байланысты өзінің терең ой-пікірімен бөлісті. Қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғану және олардың идеологиялық қауіп-қатерінен сақтану үшін студенттердің бойында дінижәне құқықтық сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды.

Толығырақ

«ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРДЫҢ ДІНИ ШЫҒАРМАЛАРЫ»

2023 жылдың 03-наурызында Облыстық жастар орталығының «Instagram» әлеуметтік желідегі ресми парақшасында (aulieat_jastary) дінтанушы-магистр Б.Алпысбаевтың қатысуымен «Қазақ ойшылдардың діни шығармалары» тақырыбында тікелей эфир өтілді. Кездесу барысында Б.Алпысбаев түркі ойшылдардың еңбектері, қазақ ақын-жыраулардың шығармаларындағы діни сарындар және халық ауыз әдебиетіндегі жанрлар туралы айтып өтті. Әсіресе, жыраулық мектептердің қызметі және діни қиссалар, батырлар жыры, бесік жыры арқылы қазақ халқының ұлттық руханияты сақталып отырғандығы, сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына қарсы өзіміздің ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ғана төтеп беруге болатындығы айтылды.

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЕГЕЙЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН МӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев

Халықтың рухани деңгейі арқылы ұлттық бірегейлік көрініп, өркениетке жетіліп отырады. Бұл ретте ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, рухани тарих, мәдениет, өнер, білім секілді мәселелердің міндетті түрде бірге жүретіні анық. Ал, қоғамдағы неше түрлі діни ағымдардың идеологиясы жоғары болатын болса, сол елдің ұлттық бірегейлікті ыдыратуға әкеліп соқтырады. Ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ата дініне қайшы келмейді. Қазіргі таңда әлемде болып жатқан түрлі саяси құбылыстар, әсіресе дәстүрлі емес діни ағымдар, түрлі діни топтар кез келген мемлекеттің рухани өмірінде алдыменен халықтың болмысындағы ұлттық бірегейлікті жою амалдарымен көрінуде. Егер қоғамдағы жастардың бойында ұлттық сана, дәстүрлі діни таным және оның құндылықтары туралы ұғым қалыптаспаса кез келген теріс идеология жастардың ой өрісіне кері ықпал етіп қоғамынан ажыратып алып кететіндігі анық. Діннің өзінде ешқашан проблема болмаған. Бірақ дін қоғамда танымдық, ғылыми, идеялық және практикалық тұрғыдан өзіндік функциональдық тепе-теңдікті қамтамасыз ете алмаса, қоғамның ішкі бірлігін әлсіретіп, қақтығыстарға себеп болуы ықтимал. Жат идеологиялардың әсері туралы сөз қылғанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен символдары тұрғанын естен шығармау қажет. Керісінше оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ғана төтеп бере аламыз.

Толығырақ

«ЖАТ ДІНИ АҒЫМҒА ҚАРСЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

2023 жылдың 08-ақпанында №3 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларына дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге республикалық және облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев шақырылып, қоғамдағы өзге діни идеологияның қауіптілігінен сақтану үшін оқушылардың бойында рухани иммунитеттің жоғары болуы және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» бейнеролигі көрсетіліп, діни сауаттылықты арттыруына байланысты көптеген сұрақтарға жауаптар берілді.

Толығырақ
Top