ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ...
Көктем мен арулардың табиғатында ұқсастықтың бар. Халықаралық әйелдер мерекесінің де осы көктемнің алғашқы айында келуі де содан болар. Осы мерекеге орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен арулар байқауында осыны байқадық. Қалай десек те, көктемдей құлпырған қыздарға әсемдік жарасатынына талас жоқ.
«Дулати аруы – 2022» байқауында университеттің 11 үміткері бақ сынады .Арулардың сыны мен сымбаты, ақылы мен білімі сынға түскен байқауға университет проректоры Данияр Нұрмұханбет, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Меруерт Мейрамбайқызы, А.Тоқманбетов атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Назым Ақылова әділ төрелік жасады.
ӘН-ЖЫРМЕН ТЕРБЕЛГЕН ӘДЕМІЛІК ӘЛЕМІ
Асылы, шынайы пейілден асқан сый жоқ. Әсіресе, ол әлемге тыныштық тілеген аналарға арналса... Негізі шын көңілден шыққан ән мен жырдан артық тарту жоқ – оны жүрегі нұрға, көңілі сазға толы қыз-келіншектерге, әйелдер қауымына жеткізгіңіз келсе...
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен салтанатты шара ізгіліктің өзі – ізеттен басталатынын сезіндірді. Мерекелік шарада университеттің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов мереке иелерін құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Оқыту және тәрбие беруде өз ісіне жауапкершілікпен қарап, маман даярлауға атсалысып жүрген әйелдер қауымының өлшеусіз еңбегін атап өтті.
Сондай-ақ, ректор еліміздің сан саласында жемісті еңбек етіп жүрген нәзікжандылардың қоғамда ерекше орны бар екенін тілге тиек етті. «Жастарға бағыт-бағдар беріп, білікті маман қып тәрбиелеуге үлес қосып жүрген оқытушыларға қандай құрмет көрсетілсе де, лайық. Бүгінгі салтанатты шара сіздерге арналады», - деді Талғат Ілиясұлы.
ҰЛТТЫҚ СПОРТ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ДӘРІПТЕЛДІ
Нағыз бұқаралық сипатқа ие ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылатын жарыс — салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісі. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық ойындарымызды дамытуға арналған студенттер арасында өткен бәсекенің түпкі мақсаты да осы болды.
Жарыста жастар асық ату, шекемтас, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сынды ойындарда өзара бәсекеге түсті.
Инститтуттар мен факультеттерден құралған командылық 7 топтан жалпы 35 студент қатысып, «кім мықтыны» анықтады.
Ұлттық спортты студент жастардың арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жарыс нәтижесінде барлық командалық топтар жоғары деңгейде спорттық бабында екендіктерін көрсетті.
«АШЫҚТЫҚ КРЕАТИВТІК ЖАҢАШЫЛДЫҚ КІТАПХАНА – 2021»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Университетіміздің Кітапханалық ақпараттық орталығында кітапхана күніне «Ашықтық Креативтік Жаңашылдық 2021» атты бағдарламасының өткізілуіне «Шығармашылық орталығының» студенттері жаңа дизайнерлік «Тұран» , «Ертұран», «Ерке сылқым» коллекцияларымен және де «Тұмар» - ансамбілі қатысты.
БЬЮТИ БАЙҚАУЫ
Қала күніне орай Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Бьюти байқау» атты жастар арасында сұлулық және сән байқауы өтті.
Университетімізден аталған байқауға 12 студен атсалысты .
«Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінен: Мутан Асия, Досжан Анел, Зебербек Аружан, Ерменбаева Даяна, Оралбекова Адема.
«Технологиялық» факультетінен: Тұрсынова Ақсезім, Мақтабек Талшын, Тенгел Индира, Еркінбекова Айша
«Экономика және құқық» факультетінен: Атанбек Аяужан
«Спорт және Өнер» факультетінен: Желеуова Наргиза, Сабитқызы Камила, Әділбек Жанерке.
Қатысқан студенттеріміз «Алғыс хатпен» марапатталды.
«БІЗДІҢ АУЫЛ –ТАМАША»
22 наурыз- «Ұлыстың ұлы күніне» орай университетімізде 19.03.2021 жылы бас ғимаратта «Біздің ауыл – тамаша» атты концерттік бағдарлама өтті. Киелі сахнда Дулати университетінің өнерлі ,белсенді жастары өнер көрсетті.Сахна сәнін «Дулати жастары» халық театры, «Асылай», «Томирис» және «Tarsu Kz» би ансамблдері мен «Серпілер» квартеті ашты.
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жаңа дизайнерлік коллекциясымен «Көркем графика және дизайн» кафедрасымен бірлесе отырып «Шығармашылық орталығының»- «Сән студиясының» қыздары.
КІТАПХАНА-КРЕАТИВТІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ 2020
Университетіміздің Кітапханалық ақпараттық орталығында кітапхана күніне «Ашықтық Креативтік Жаңа жылдық 2020» атты бағдарламасының өткізілуіне « Шығармашылық орталығының» студенттері жаңа дизайнерлік «Ертұран» коллекциясымен салтанатты ашылуына қатысты. Салтанатты ашылуы арнайы шақырылған қонағымыз "Қазфосфат" ЖШС Бас директоры» Искандиров Мукаш Зулкарнаевичтың қатысуымен ашылды.
Композиция – «Ер-Тұран»
Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба, Есік қаласынан табылған сақ жауынгері- «Алтын адам» біздің еліміздің басты символына айналды. Соған орай университетіміздің тігін шеберханасы дайындаған жаңа топтама 2020 – «Ертұран» композициясында «Алтын адам», сақ патшайымы- «Томирис» және оның нөкерлерінің бейнелері көрсетілген. Күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы – Тұмарша қыз (Томирис) озінің өткірлігін осы қойылған бимен жеткізеді. 24 студенттердің қатысумен өткен композицияны қаламыздың сәнді,әулиелі жерлері – Тектұрмас және Арбатта түсірілді.
Абай Құнанбаев – 175 жыл
Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Абай философиясы өзінің халқы, мәдениеті мен тілі туралы дана ойларымен кейінгі ұрпақтары үшін құнды рухани мұраға айналды.