ӘН-ЖЫРМЕН ТЕРБЕЛГЕН ӘДЕМІЛІК ӘЛЕМІ

Асылы, шынайы пейілден асқан сый жоқ. Әсіресе, ол әлемге тыныштық тілеген аналарға арналса... Негізі шын көңілден шыққан ән мен жырдан артық тарту жоқ – оны жүрегі нұрға, көңілі сазға толы қыз-келіншектерге, әйелдер қауымына жеткізгіңіз келсе...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен салтанатты шара ізгіліктің өзі – ізеттен басталатынын сезіндірді. Мерекелік шарада университеттің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов мереке иелерін құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Оқыту және тәрбие беруде өз ісіне жауапкершілікпен қарап, маман даярлауға атсалысып жүрген әйелдер қауымының өлшеусіз еңбегін атап өтті. 

Сондай-ақ, ректор еліміздің сан саласында жемісті еңбек етіп жүрген нәзікжандылардың қоғамда ерекше орны бар екенін тілге тиек етті. «Жастарға бағыт-бағдар беріп, білікті маман қып тәрбиелеуге үлес қосып жүрген оқытушыларға қандай құрмет көрсетілсе де, лайық. Бүгінгі салтанатты шара сіздерге арналады», - деді Талғат Ілиясұлы.

3

Шындығында, Дулати университетінің қызметкерлері мен студенттері әзірлеген концерттік бағдарлама шынайылығымен ерекшеленді. Оқытушылардың өзі сахнада ән шырқап, тамаша мерекелік көңіл күй сыйлады. Жаттанды сценарийге құрылмағандығы, әсіре мадақ-мақтаудан бөлек болғандығы – жүректен-жүректерге жетті.

Ән мен жырдан шашу шашқан салтанатты шара соңында ұйымдастырушылар залдағы барша аналарға, қыз-келіншектерге гүл шоқтарын тарту етті.

2

 4

5

6

Top