«ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БАСТЫ БЕЛГІСІ»

2023 жылдың 03-ақпан айында "Ақпараттық технологиялар факультетіне" қарасты «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» және "Талшықты оптикалық жүйелері мен желілері" мамандығының 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудың мақсаты - студент жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ықпалынан қорғау болып табылады. Студенттерге әуелі "Дін мен дәстүр сабақтастығы" туралы бейнеролик көрсетіліп, одан кейін дінтанушы Б.Алпысбаев қоғамдағы діни ахуалға тоқалды. ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатерін алдын-алу үшін жастардың діни сауаттылықтарын қалыптастыру өзекті мәселенің бірі. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

"Дінді ұстай алсан қасиетің, ұстай алмасан қасіретің...".

https://www.instagram.com/reel/CoOk-_7opW7/?igshid=MDM4ZDc5MmU=

Рисунок1

Рисунок2

Top