2024 жылы 11-сәуірде «Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне қарасты «Химия» мамандығының 3-курс студенттеріне қоғамдағы діни экстремизмнің алдын-алу бағытында кездесу өтілді. Аталған кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаев қатысып, студент жастарға діни саладағы өзекті мәселелерді таныстырып өтті.

3курс111

3 курс222

Сонымен қатар, жастардың радикалдық діни идеологияның ықпалына түспес үшін, дін мен дәстүрдің арасындағы сабақтастығы және дәстүрлі танымда қалыптасқан діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды.Сонымен қатар, студенттерге «Зайырлылық» деген ұғымның анықтамасы және «Қазақ ойшылдардың діни мұралары» тақырыбында слайд пен бейнеролик көрсетілді. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

3курс333

 

 

 

Top