«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ»

2023 жылдың 13 - сәуір күні «Өнер және спорт» факультетінің кураторы П.Әбдікеримованың ұйымдастыруымен «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламысының 1 - курс студенттеріне қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың алдын-алу бағыттары бойынша кездесу өтілді. Кездесуге тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ. Алпысбаев қатысып, студенттерге деструктивті діни ағымдардың қауіпті белгілерін (зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық таныту, мазхабтарды оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығару, заманауи мәдениет және өнер түрлеріне өшпенділік таныту) түсіндіріп өтті.

 Рисунок1

Рисунок3

Top