2024 жылы 05-сәуірде Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаев және Жастармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып, №2 Студенттік үйінде ұлттық тәрбие құндылықтары және діни экстремизмнің алдын-алуына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жатақхана студенттеріне ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыт-бағдарымен таныстырып, қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға шақырды.

Теріс діни ағымдардың идеологиясы ұлт тұтастығына, мемлекет тұрақтылығына, дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіретін құбылыс. Кез келген ұлттың өзін тарихта ұлт ретінде сақтап қалуының алғышарты – өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінінен, тілінен, ділінен ажырамау қажет екендігі айтылды. Іс-шара соңында сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді.

дынтану111

дынтану222

 

Top