Наурыз-Бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі

2024 жылдың 20 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының студенттерімен «Наурыз - Бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі» атты мерекелік әңгіме өтті.

Әскери кафедраның офицерлері «Наурыз» мерекесіне орай қабырға газетін дайындады.

Толығырақ

Студенттерге Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңын жеткізу

2024 жылғы 11 наурызда әскери кафедрада террористік актілердің алдын алу, патриотизмді қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа қарсы сезімді тәрбиелеу жөніндегі профилактикалық жұмыс мақсатында цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын студенттерге жеткізді.

Сөз сөйлеу барысында студенттерге осы Заңда қолданылатын жалпы ережелер, ұғымдар, терроризмге қарсы іс-қимылдың принциптері мен мақсаты жеткізілді.

Толығырақ

8 наурыз күні құтты болсын!

8 наурыз мерекесіне орай әскери кафедраның ұжымы университет әйелдерін құттықтады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миникасым Сангатуловичтің жұбайын құттықтады.

Әскери кафедра офицерлері мерекеге арналған қабырға газетін шығарды.

Толығырақ

Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні

2024 жылғы 14 ақпанда әскери кафедрада студенттермен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған «Ерлік сабағы» өткізілді.

Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі-әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры А.Е. Тұрлыбек, Ауған соғысының ардагерлері запастағы сержант Б.Р. Таңатаров, запастағы сержант   Е. Жилгельдиев, запастағы кіші сержант Б. Мұсаев шақырылды.

Соғыс ардагерлері мен жауынгерлері Ауғанстандағы соғыс туралы естеліктерімен бөлісті, олардың ерлік, қаһармандық және Отан алдындағы борыш туралы көзқарастарымен бөлісті. Жауынгерлердің сөз сөйлеуі Ауғанстан оқиғалары туралы деректі фильмнің көрсетілімімен сүйемелденді.

Толығырақ

Әскери полиция басқармасының өкілімен дәріс

2024 жылғы 19 ақпанда әскери кафедраның акт залында «Әскери киім кию ережелерін сақтау, әскери сыпайылық және әскери сәлемдесуді орындау тәртібі», «Маскүнемдік - құқық бұзушылық көзі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының өкілі подполковник Г. Тілеужанов өткізді.

Толығырақ

Әскери кафедра студенттері және түлектерімен үгіт-насихат шарасы

2024 жылғы 8 ақпанда әскери кафедраның акт залында әскери кафедра студенттерімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат іс-шарасы өтті.

Іс-шараға ҚР ҰҚК ПД 10-бөлімінің әскери полиция аға инспекторы Сағатбеков А.Ж. және ҚР ҰҚК ПД 10-бөлімінің әскери полиция аға анықтаушысы аға лейтенант Жаңбырбаев М.К. қатысты.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының заңдарын студенттерге жеткізу

2024 жылғы 8 ақпанда цикл бастығы запастағы подполковник  Наурызбаев Ж.П. тыңдаушыларды «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» мен «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының негізгі ұғымдармен таныстырып, қысқаша мазмұнын ашты.

Толығырақ

«Орта Азия мен Қазақстандағы терроризм және экстремизм» тақырыбында әңгіме өткізу

2024 жылғы 9 ақпанда әскери кафедра студенттерімен цикл бастығы запастағы подполковник Қалилаев Д.Ж. «Орта Азия мен Қазақстандағы терроризм және экстремизм» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақ барысында бейнеролик көрсетіліп, экстремизм мен терроризмнің көріністері, Орта Азия мен Қазақстанда таралу себептері мен салдары қарастырылды.

Толығырақ

Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор И.В. Панфиловтың туғанына туған күніне орай еске алу іс-шарасы

2024 жылғы 22 қаңтарда әскери кафедрада Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың туған күніне орай еске алу іс-шарасы өтті.

Отставкадағы майор Қ.А. Оңалбеков өз сөзінде генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың өмірбаяны, сондай-ақ 28 панфиловшының ерлігі туралы айтты.

Іс-шара соңында студенттер Кеңес Одағының батырын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ

Кәсіби дайындық

2023 жылғы 11 мен 25 желтоқсан аралығында әскери кафедраның 2023-2024 жылдарға арналған бекітілген жоспарына сәйкес, әскери кафедраның оқытушылар құрамымен кәсіби дайындық жүргізілді.

Сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде толық көлемде өтті.

Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

Материалдық құралдарды түгендеу

2023 жылдың 20 мен 22 желтоқсан аралығында басшылық құжаттарға сәйкес әскери кафедрада материалдық құралдарды түгендеу өтті.

Материалдық құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия құрамы техниканың, мүліктің және басқа да материалдық құралдардың бар-жоғын тексерді. Түгендеу 85395 әскери бөлімі өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.

Түгендеу қорытындысы бойынша актілер жасалды ескертулер жоқ.

Толығырақ

Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою

Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күніне орай запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаевтың басшылығымен «Бүркіт» ПБСЖ полициямен бірлескен студенттік жасағының студенттері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлерімен және ҚР ҚК ардагерлерімен бірлесіп «Жеңіс» саябағында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қаза тапқан жауынгер-батырды рәсімге қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ

Әскери кафедраға 60 жыл

2023 жылғы 24 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында кафедраның құрылғанына 60 жыл толуына арналған әскерилендірілген эстафета өтті.

Қонақтар қатарында Басқарма мүшесі - әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор А.Е. Тұрлыбек және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тәрбие жұмысы департаментінің дін жөніндегі бас маманы Б.К. Алпысбай болды.

Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздарын грамоталармен салтанатты марапаттау өтті.

Толығырақ

Әскери қызметке шақыру жөніндегі үгіт-насихат іс-шарасы

2023 жылғы 17 қарашада сағат 16.00-де әскери кафедраның акт залында әскери кафедра түлектермен (69 адам) әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның және Тараз қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет етуге 6 түлек ниет білдірді.

Толығырақ

Студенттермен дәріс-әңгіме өткізу

2023 жылғы 13 қарашада әскери кафедра студенттерімен «Суицид, әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Суицид жасаудың себептері мен алғы шарттары» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді.

Толығырақ

Ата аңызға айналған қаһарман

2023 жылдың 13 қарашасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағын берудің 80 жылдығына арналған «Ата аңызға айналған қаһарман» атты патриоттық сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу, оларды Кеңес Одағының Батыры, жазушы, әдебиеттанушы, ғалым - педагог және профессор Мәлік Ғабдуллиннің өмірі және оның ерліктерімен таныстыру.

Толығырақ

Орта Азия мен Қазақстандағы Терроризм мен экстремизм

2023 жылғы 10 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Орта Азия мен Қазақстандағы терроризм және экстремизм» тақырыбында дәріс өтті.

Толығырақ
Top