«ДІН-ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТІЛДІ

2020 жылы 11-қарашада Ұстаз институты «Филология» мамандығының топ кураторы Алия Түймебекованың ұйымдастырумен 3,4-курс студенттеріне арналған ZOOM платформасы арқылы «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында кездесу өтілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы, Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып,  еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыт-бағдарын жүзеге асыруына байланысты және жат діни ағымдардан сақтану жолдары туралы сұрақ-жауап ретінде өз пікірмен бөлісті. Қатысқан студенттер саны- 18.

Толығырақ

«ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2020 жылдың 05-қарашада  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы орта білім мекемелерінде діни сауаттылықты қалыптастырудың негіздері мен перспективалары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық дөңгелек үстел өткізді.

Толығырақ

ОҚЫТУ КУРСЫ ЖҮЗЕГЕ

2020 жылдың 03-қарашада «Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру»  гранты аясында  қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып, оқыту курсы жүзеге асырылды. Аталған іс-шараға облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі ретінде Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді қолдану бағыттарымен танысты.

Толығырақ
Top