«ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2020 жылдың 05-қарашада  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы орта білім мекемелерінде діни сауаттылықты қалыптастырудың негіздері мен перспективалары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев қатысып, қоғамдағы діни мәселені назарға ала отырып «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің оқыту жүйесінің сапалығына жауапкершілікпен қарау және  мұғалімдердің діни сауаттылығын жетілдіруіне ықпал ету мақсатында әрқашанда дінтанушы мамандармен өзара ықпалдастық қарым-қатынас болу керектігін атап өтті.

Top