
Super User
Бауыржан Момышұлының Кубаға сапары
Биыл Кеңес Одағының Батыры, полковник, әскери жазушы Бауыржан Момышұлының Латын Америкасындағы бостандық аралы - Кубаға барған сапарына 60 жыл толды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, "Бауыржантану" ғылыми-зерттеу орталығына Әскери кафедраның оқытушысы майор Оңалбеков Құрманбек Әділбекұлы бастаған бір топ студенттер, анығырақ айтсақ, болашақ кіші командир сержанттар орталықтың аға ғылыми қызметкерінің "Бауыржан Момышұлының Кубаға сапары" атты лекциясын тыңдауға келді. Лекция соңында орталықтан дайындалған Фотоальбомдағы Бауыр жан Момышұлының Куба революциялық Қарулы Күштерінің министрі Рауль Кастро және тағы басқа жауынгерлермен түрлі сәтте түскен фотоқұжаттармен таныстырылды. Студенттер дәріс барысында Б.Момышұлының "Куба әсерлері" атты кітабынан: "Әскери қызмет дегеніміз - елдің әрбір дені сау азаматы үшін қасиетті және құрметті борыш..." деген қанатты сөзін тыңдап, өздеріне қажет көптеген мағлұматтар алды. Майор Құрманбек Әділбекұлы Бауыржан атамыздың кітабын бірнеше рет оқып шыққанын, сабақтарында мысалдар келтіріп отыратынын және кітаптан "Американың бостандық өлкесі Кубаға қош келіпсіздер!" деген жазуды испан тілінде айтып, бәрімізді таңғалдырды. Біздің ойымызда жүрген Баукең жүрген ізбен Кубаға бару, ондағы құжаттарды орталыққа әкелу туралы мәселе көтеру керек деген өз ойын айтты.
Тренинг по водной дипломатии и международному водному праву.
В период с 20 по 24 ноября 2023 года старший преподаватель кафедры «Водные ресурсы» Койшибаева Г.Д. приняла участие в тренинге для тренеров по водной дипломатии и международному водному праву.
Тренинг проводился в городе Алмате и организован в рамках реализации Регионального проекта USAID по водным ресурсам и окружающей среде и Инициативы Blue Peace Центральная Азия (ВРСА), финансируемой Швейцарией. Партнером мероприятия выступил Международный Секретариат по воде (Канада).
В тренинге приняли участие 25 представителей заинтересованных партнерских академических институтов и университетов из 5 стран Центральной Азии в области водных ресурсов, экологии и сельского хозяйства. Тренинг включал четыре дня лекций от Регионального проекта USAID и Кафедры ЮНЕСКО по гидрополитике Университета Женевы с практическими занятиями по инструментам медиации и переговорной практике.
Кәсіби бағдар жұмыстары
2023 жылдың желтоқсан айының 7 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының PhD докторлары Г.Джумабекова, Б.Абзалбекұлы және аға оқытушылары Л.Юсупова , А.Байдильдаева Жуалы ауданындағы, Б.Момышұлы ауылының Д.Қонаев атындағы №10 мектеп- гимназиясына, №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясына, №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектебіне, А.Бөкейхан атындағы №15 лицей –мектебіне, №2 Мыңбұлақ орта мектебіне 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.
Елшілік өкілдері студенттермен кездесті
Өзбекстан елінің Қазақстандағы елшілік өкілдері Дулати университетінде оқитын өзбекстандық студенттермен кездесті.
Кездесуге Алматы қаласындағы Өзбекстанның бас елшісі Абдурахим Каюмов пен бірінші хатшысы Дилшод Сабиров арнайы келді. 8-желтоқсан – Өзбекстан елінің конституция күні. Осыған орай зум платформасы арқылы көршілес елдің оқытушылары мен профессорлары елдің басты құжаты – Конституцияның маңызы мен ерекшеліктері туралы тарихи деректерге тоқтала отырып баянадамалар жасады. Осы уақытқа дейін конституцияда қандай өзгерістер мен толықтырулар болғанын да айтып берді. Тарихи кезеңдерді әңгімелей отырып, құнды мағлұматтармен бөлісті.
Іс-шара соңында қонақтар конституция бойынша түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген студенттерге естелікке кітап сыйлады.
Айта кетейік, Дулати университетінде Өзбекстан елінің 79 азаматы оқиды. Бүгінгі таңда түрлі мамандықтар бойынша білім алуда.
"Оралхан Бөкей- төр Алтайдың асылы"
2023 жылдың желтоқсан айының 6 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының «6В08615-Су ресурстарын басқару» ББ 3 курс студенттері Оралхан Бөкейхановтың 80 жылдығына орай «Оралхан Бөкей – Төр Алтайдың асылы» тақырыбында ашық кураторлық сағатын өткізді.
Мәңгілік ақ қар жамылған асқар шыңдары, ал етегінде ағысы асаудай тулап жатқан Бұқтырма өзені бар, қазақ Алтайының киелі топырағында дүниеге келіп, аса дарынды талантымен барша қауымды таңғалдырған, Қатонқарағай ауданының «Құрметті азаматы», Қазақ ССР Мемлекеттік Абай сыйлығының, Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, «Молодая гвардия», «Жалын» баспалары сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі» орденінің иегері жерлес жазушымыз Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл толып отыр.
Дулати университеті – ғылыми әлеуеті жоғары университеттер қатарында
Kazakh National H-Index Ranking нәтижелері жаңартылды.
Рейтинг жүйесі Хирш индексінің көрсеткішін пайдалана отырып, еліміздегі ұйымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбек нәтижесін бағалайды.
TOP үштікке енген ғылыми ұйымдар:
- Назарбаев Университеті
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ғылыми әлеуеті жоғары оқу орындары қатарында Дулати университеті де бар.
Рейтинг көрсеткіштерін жаңарту барысында Scopus, Web of Science және Google Scholar дерекқорындағы авторлардың профильдері мен рецензияланған ғылыми материалдары талданды.
Состоялся конкурс научных работ
В Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати состоялось открытое заседание научного студенческого кружка (СНК) «Живое слово». Конкурс научных работ студентов, школьников и студентов колледжей г.Тараз и Жамбылской области на тему: «Учитель...какой он на страницах отечественной литературы?»
Конкурс включает в себя цикл мероприятий направленных на расширение и углубление представлений у будущей молодежи получить огромное удовлетворение от интеллектуального процесса и ценный опыт от взаимодействия с научной деятельностью. Благодаря конкурсу школьники и студенты научились лучше структурировать научный текст, правильно ставить научную проблему и задавать исследовательский вопрос, познакомились с исследовательскими инструментами, а также развивали свои soft skills, например, навыки ораторского мастерства и презентации результатов научной работы.
Түркия университеттерімен байланыс нығая түсті
Дулати университеті Кастамону университетімен ынтымақтастық байланыс орнатқанына 10 жылдан астам уақыт болды. Жоғары оқу орындары арасындағы байланыс студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуы, ғылыми тағылымдамадан өту және зерттеу жобаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асып келеді. Дулати студенттері жыл сайын Кастамону университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алады.
05-29 желтоқсан аралығында Кастамону университетінен доктор Мұрат Конук республикалық бюджет есебінен шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша университетке шақырылды. Ол студенттер мен магистранттарға түрік және ағылшын тілдерінде «Speaking club» өткізеді. «Білім беру психологиясының әлеуметтік-мәдени тәсілдері» бағыты бойынша дәріс оқиды, сондай-ақ университеттің жас ғалымдары мен докторанттарымен дөңгелек үстелдер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова шетелдік ғалымды қабылдады. Кездесу барысында ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері мен болашақ жоспарлар талқыланды. Шолпан Алтынбекқызы өз сөзінде Кастамону Университеті көптеген білім бағдарламалары бойынша маман даярлайтын Түркиядағы танымал білім беру және зерттеу орталықтарының бірі екенін айтып, Дулати университетінің тұрақты серіктесі екеніне де тоқталды.
Доктор Мұрат Конук Дулати университетіндегі бірлескен жұмыс оң нәтиже беретініне және екі жоғары оқу орнының өзара тиімді ынтымақтастығы Қазақстан мен Түркияның достық қарым-қатынасын нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
ПАРТНЕРСТВО С ВУЗАМИ ТУРЦИИ РАСШИРЯЕТСЯ
Университет Дулати сотрудничает с университетом Кастамону более 10 лет. Сотрудничество между вузами осуществляется в рамках академического обмена студентами и преподавателями, прохождения научных стажировок и реализации исследовательских проектов. Студенты Университета Дулати ежегодно обучаются в данном вузе по программе академической мобильности.
Так с 05 по 29 декабря доктор Мурат Конук из университета Кастамону, Турция был приглашен в университет по программе привлечение зарубежных ученых в рамках республиканского бюджета. Он будет проводить “Speaking club” для студентов и магистрантов на турецком и английском языках, читать лекции по направлению «Социокультурные подходы в психологии образования», также будут проведены круглые столы с молодыми учеными и докторантами университета.
Проректор по стратегическому развитию и интернационализации Шолпан Есимова приняла зарубежного ученого, в ходе встречи с были обговорены возможности расширения сотрудничества и планы на будущее. Она также отметила, что Университет Кастамону - это один из известных образовательных и исследовательских центров в Турции, который предлагает образовательные программы по широкому кругу специальностей и является постоянным партнером нашего вуза.
Доктор Мурат Конук выразил уверенность, что совместная работа в университете Дулати даст положительный эффект, а взаимовыгодное сотрудничество двух вузов внесет свою лепту в укрепление дружественных отношений Казахстана и Турции.
Кәсіптік бағдар беру
2023 жылдың желтоқсан айының 1 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының т.ғ.к., доценті Джурумбаева Рахима Абдрахманқызы және аға оқытушы Байжигитова Мадина Төреханқызы Тараз қаласының білім бөлімінің Мұхтар Ауезов атындағы №33 орта мектебіне барып кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қарастырған өзекті мәселесінің бірі «Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр» -деп айтып кетті. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Осы мәселені іске асыру барысында су мамандарының айтарлық орны бар екендігі, суға қатысты мамандықтарға көптеген гранттық орындар бөлінетіндігі қозғалды. Аталған міндеттерді жүзеге асыру – мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады. Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, су ресурстары мамандықтарына, атап айтатын болсақ «6В08615-Су ресурстарын басқару», «6В07301-Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», «6В07302-Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын, яғни су ресурстары мамандықтарын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасады.