Super User

Super User

Дүйсенбі, 27 Қараша 2023 10:23

60 лет военной кафедре

24 ноября 2023 года на военной кафедре Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати прошла военизированная эстафета,  посвященная 60-ти летию образования военной кафедры.

Гостями были Член Правления проректор по социально-культурному развитию Турлыбек А.Е. и главный специалист по религии Департамента воспитательной работы Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати Алпысбай Б. К.

По окончанию мероприятия прошло торжественное награждение грамотами победителей соревнований.

Дүйсенбі, 27 Қараша 2023 04:04

ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті,  «Журналистика және филология» кафедрасының студенттері “Махаббаттың көгіндегі шоқ жұлдыз...” атты байқауында поэзия оқып, бақ сынады. Жарысқа төрт жұп қатысты: Пернебек Айзат пен Еңсебек Ақниет, Абиров Алмат пен Керімбаева Альмира, Қуанышбекұлы Әкімжан пен Мырзахметова Ақмарал, Көпен Санжар мен Мелис Ұлбике. 

Бұл жарыстың ерекшелігі – тек ФЖГҒ факультеті ғана емес, Технологиялық,   Экономика және құқық факультеті  студенттерінің  басын қосты. Байқау үш кезеннен тұрды, әр кезең белгілі балдармен бағаланды. Поэзиядан бөлек, өлең, көріністер қойылды. Ең сонында қорытынды шығарылып, “Бас жүлдені” Қуанышбекұлы Әкімжан пен Мырзахметова Ақмарал жеңіп алды. Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.

2

Дулати университетінің әскери кафедрасы оқу орнының айнымас бөлшегі, айбынды бет бейнесі. Ондағы әскери тәртіп, студенттерге қойылатын талап, жауынгерлік даярлық бәрі де күнделікті оқу үрдісінен өзгеше. Онда жауынгерлер өмірі өзгеше өрбиді, жастарды елінің патриоты, ұлтжанды азаматы етіп тәрбиелейді.  Ел іргесін жаудан қорғайтын, Отанымыздың қауіпсіздігін сақтауды мақсат еткен жастарды тәрбиелейтін кафедраның құрылғанына 60 жыл толды.  Осыған орай кафедраның саптық алаңында әскери эстафета өтті.

Жиында алдымен Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек сөз алып, мерейлі датамен құттықтады. 60 жыл аз уақыт емесін айтып, осы уақытқа дейін тәрбиеленген мамандардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қосқан үлесінің аз емесін атап өтті.

Әскери кафедраның бастығы, полковник Сағат Мұқышев кафедра ұжымын, студенттерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Атаулы датаны атап өту аясында жас ұрпақты тәрбиелеуде сіңірген еңбегі, қорғаныс саласына әскери мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін кафедраның  бірқатар қызметкері алғысхатпен марапатталды.

Әрмен қарай іс-шара әскерилендірілген эстафетамен жалғасын тапты. Студенттер Калашников автоматын бөлшектеп, жинау, газтұмылдырықты жылдам кию, белтемірге тартылу, тир ату бойынша өзара сынға түсіп, мықтыларды анықтады. Үздік қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Осы орайда тарихқа үңілер болсақ, әскери кафедра 1963 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының негізінде құрылған. 1998 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі  технологиялық институты мен Жамбыл педагогикалық институты біріккен соң М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы болып өзгерді. Ал 2020 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасы деп аталды. Әскери кафедра құрылғаннан бері қарулы күштер мен басқа да құрылымдар үшін 20 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды, запастағы офицерлерді  даярлады.  Түлектеріміз Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында, ҰҚК, ІІБ, ТЖ, кеден басқармасында қызмет атқарады. 2003 жылдан бастап әскери кафедраға оқуға қабылдау ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес жүргізіледі.

2

3

4

Жұма, 24 Қараша 2023 18:45

Кәсіби-бағдарлау жұмыстары

2023 жылдың қараша айының 21 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары доцент Рахманова Жансауле Сергеевна, аға оқытушылар Касымова Галия Аскербековна, Абутова Райхан Джурабаевна Тараз қаласындағы И.Панфилов атындағы №39 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.

Жұма, 24 Қараша 2023 18:42

Кәсіби-бағдарлау жұмыстары

2023 жылдың қараша айының 22 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған проф. м.а. Рахманова Жансауле Сергеевна, аға оқытушы Юсупова Лаура Халидовна Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясына, №1 мектеп-гимназиясына, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясына, Сарыкемер мектеп-гимназиясына, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.

2023 жылғы 24 қазан мен 10 қараша аралығында оқытушы К.К. Дильдакулов және нұсқаушы-сержант С.А. Аяпбергенов «Цифрлық білім беру ресурстарын құру технологиясы» тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

В период с 24 октября по 10 ноября 2023 года преподаватель  Дильдакулов К.К. и инструктор сержант Аяпбергенов С.А. прошли курсы повышения квалификации на тему: «Технология создания цифровых образовательных ресурсов» в объеме 36 часов.

Жұма, 24 Қараша 2023 18:34

Кәсіби бағдар беру

2023-2024 оқу жылының  23 қарашасында  «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02111-Сән дизайны., 6В02113-Интерьер дизайны,6В02112-Жарнама дизайны білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатымен Тараз қаласының «Өнер мектебі» білім алушылармен кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға «Өнер мектебінің» директоры және 15 білім алушылары.

Оқушыларға «Дизайн» мамандығының түрлі бағыттары туралы ақпараттар берілді, оқушылар кафедраның оқу-өндірістік кешенімен, арнайы аудиторияларымен, студенттердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Қызығушылық танытып келген 15 білім алушылардың барлығы Дулати университетін таңдағанын туралы айтты. Кафедра оқытушылары Дизайн мамандығының әр бағыты бойынша ақпарат берді: мамандықтың бүгінгі күнімен болашағы, ерекшеліктері, диплом алғаннан кейін жұмысқа тұру мүмкіндіктері,  шығармашылық емтихандарды тапсыру ережелері. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына кафедраның ОПҚ жауаптарын берді.

Жұма, 24 Қараша 2023 18:10

Кәсіптік бағдар беру

2023-2024 оқу жылының  22 қарашасында  «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02111-Сән дизайны., 6В02113-Интерьер дизайны,6В02112-Жарнама дизайны білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатымен Жамбыл облысының Жамбыл ауданының орта мектептерін бітіруші оқушыларға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға Жамбыл ауданының 11 сынып оқушыларынан 48 бала және 3 сынып жетекшілері қатысты.

Оқушыларға «Дизайн» мамандығының түрлі бағыттары туралы ақпараттар берілді, оқушылар кафедраның оқу-өндірістік кешенімен, арнайы аудиторияларымен, студенттердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Дулати университетін таңдаған оқушыларға шығармашылық емтихандарды тапсыру ережелері туралы ақпарат берілді. Соңында оқушылардың сұрақтарына кафедраның ОПҚ жауаптарын берді.

Қасым хан билік құрған жылдар 1511-1523 жылдар болса қазіргі 2023 жылда Қасым-Жомарт Тоқаев басқарған заманда араға 500 жыл салып қазақтың саны 20 миллионға жетті.

Тарихтағы ашаршылық пен геноцид болмағанда бәлкім бұдан көп болар ма едік.

Қасым хан, Ұлы далаға, Қазақтың жеріне “орысты да , қытайды да” кіргізбеген!

41 бет. Барлығы: 454
Top