
Super User
Хабарландыру
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС -ке қарсы күрес күніне орай, 2023 жылдың қараша айының 21-ші жұлдызында Төле би даңғылы № 70. 4/1 ғимаратының АКТ залында АИТВ/ЖИТС-тің жеке профилактикасы тақырыбында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының дәрігерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Врач-эпидемиолог Александр Сергеевич Цзи дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттер мен дәрігерлер арасында ашық байланыс болды. Дәріс соңында ЖИТС орталығының мамандары студенттерден тегін және анонимді тест алып, қалаған уақыттарында кеңес алу мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.
Ұйымдастырушы: Әлеуметтік жұмыс басқармасы.
Современный студент… Каков он?
Эту встречу с большим нетерпением ждали и студенты-первокурсники, и студенты старших курсов. Всем хотелось поделиться своим представлением о современном студенте.
Ведущая встречи, Пушкарева Виктория (4 курс), предложила аудитории поразмышлять над следующими вопросами: легко ли быть молодым, трудно ли в молодости достичь успеха, каковы основные ценности современного студента, престижно ли быть студентом Таразского регионального университета и др. Особенно затронул студентов вопрос о возможности достичь успехов в молодости. На одном дыхании слушали первокурсники студентов Аулиахунову Р. (3 курс), Вавулидии И. (3 курс), Чайку Д. (4 курс), Ордабек Н. (4 курс), которые рассказывали о своих достижениях в своей многогранной и увлекательной студенческой жизни. Каждый из них говорил о том, что нужно четко сформулировать цель, которую хочешь достичь, а затем неукоснительно воплощать её. Большой резонанс вызвала просьба ведущей «нарисовать» портрет современного студента. Отличились первокурсники Жаксылык С., Турысбек А., Балабай ., Токсаби М., Ермекпаева Т., Оспанова А., которые наперебой называли все новые черты своего современника. Это и активная жизненная позиция, и коммуникабельность, и ответственность, обязательность и многое другое. Пушкарёва В. заинтриговала участников встречи тем, что объявила им, что сейчас «прозвучат» голоса студентов, уже окончивших наш университет (А. Корлан, Калдыбек С., Сулеймен М., Яморжина Н. и др. ) и размышляющих на тему: «Престижно ли учиться в Таразском региональном университете?» Студенты-выпускники прошлых лет единодушно отмечали, что ППС кафедры «Русский язык и литература» сформировал у них чувство благоговейного отношения к его величеству Слову, любовь к филологии. Они отмечали, что с удовольствием вспоминают яркий, зрелищный фестиваль «Дружба народов», которые позволил им стать ближе друг к другу, ценить и уважать традиции и обычаи народа, проживающего в Республике Казахстан. Вспомнили и участие команд в республиканской олимпиаде по русскому языку и литературе. Вавулидии И. дополнила отзывы выпускников: с большой гордостью она рассказала о победе команды филологов (2023г.) на республиканском туре олимпиады. Командное первое место в Павлодаре ( в олимпиаде приняли участие 17 ВУЗов РК)! Главное, что смогли услышать, понять и прочувствовать участники встречи, - это гордость за любимую альма-матер. Не ожидали первокурсники еще одного сюрприза от модераторов встречи - эссе на тему: «Мои советы студентам первого курса». Оценивая эссе, они говорили о том, что услышали много полезного для себя. Советы, пожелания заставили их задуматься, заново оценить свою только что начавшуюся студенческую жизнь.
Встреча студентов разных поколений проходила в читальном зале факультета филологии и гуманитарных наук. Сотрудники библиотеки Турысбекова А. и Толтикова М. к этой встрече подготовили выставку учебников, учебных пособий по филологии, а также выставку работ членов кафедры «Русский и литература».
После знакомства с выставкой студенты долго еще не расходились: первокурсникам хотелось услышать мнение выпускников по самым разным проблемам студенческой жизни.
Организаторами и модераторами встречи выступили доценты кафедры «Русский язык и литература» Аладьина Л.А., Минайдарова М.Е. , кураторы 1 курса Кадырбаев А.Щ., Абитаев К.К.
Scopus және Web of Science басылымдары үшін ОПҚ-ны материалдық ынталандыру туралы
2023 жылғы 25 мамырдағы «Қызметкерлерді (ОПҚ, ОКП және қызметкерлер) моральдық және материалдық ынталандыру туралы ережеге» сәйкес материалдық ынталандыру алу үшін, Scopus және Web of Science дерекқорларындағы рецензияланған журналдарда Q1, Q2, Q3 квартильдерінде жарияланымдары бар Дулати университетінің ОПҚ 2023 жылғы 2 жартыжылдықтағы басылымдардың таңбаларын (оттиски публикаций), 2023 жылғы 19 желтоқсанға дейін Ғылым және коммерцияландыру департаментіне (Төле би 62, 410 кабинет) ұсынуларыңызды сұраймыз.
Қызметкерлерді моральдық материалдық ынталандыру туралы ереже (ПОҚ, ІІБ және қызметкерлер)
О материальном поощрении ППС за публикации в Scopus и Web of Science.
Преподавателей университета Дулати, имеющих публикации в рецензируемых журналах базы данных Scopus и Web of Science квартиля Q1, Q2, Q3, просим предоставить до 19 декабря 2023 года в департамент науки и коммерциализации (410 кабинет, Толе би 62) оттиски публикаций за 2 полугодие 2023 года, для получения поощрительных выплат, согласно «Положения о моральном и материальном стимулировании работников (ППС, УВП и сотрудников)» от 25 мая 2023 года.
Положение о моральном материальном стимулировании работников(ППС, УВП, и сотрудников)
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылы 23 қараша күні университеттің комплаенс-қызметінің бастамасымен "Педагогика және әлеуметтік ғылымдар" факультетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Агенттік пен комплаенс-қызметтің қызметшілері ҚР қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы туралы түсініктеме берді, сондай-ақ бейнероликті көру ұйымдастырылды.
Формирование антикоррупционной культуры среди молодежи.
Согласно утвержденного плана по формированию антикоррупционной культуры среди молодежи заключенный между НАО «Таразский университет им.М.Х.Дулати» и Департаментом Агенства РК по противодействию коррупции Жамбылской области 23 ноября 2023 года по инициативе комплаенс-службы университета прошла встреча со студентами и преподавателями факультета «Педагогика и социальные науки». На встрече представителем Агенства и сотрудниками комплаенс-службы даны разъяснения действующего антикоррупционного законодательства РК, о проекте «антикоррупционное волонтерства», а также организован просмотр видеоролика.
БІЛІКТІ МАМАН БІЛГЕНІМЕН БӨЛІСТІ
Дулати университеті қабырғасында «Цифрлық дәуірдегі педагог-психолог тұлғасын трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Педагогикалық психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар қатысты.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.а., Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Сәуле Құрмантайқызы студенттер мен магистранттарға жиынның маңыздылығын түсіндірді. Технология қарқынды дамыған заманда бәрі өзгеріске ұшырайтынын, ал адам сол өзгеріске бейімделіп өсіп, дамитынын тілге тиек етті. Заман талабынан қалыс қалмас үшін бүгінгі педагог, психолог, саясаттанушы мамандар да үнемі ізденіп, даму керегін айтты.
PhD, профессор, «Психолог шеберлік мектебінің» директоры, ҚР Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығының Кеңес мүшесі Күлмаш Елшібаева тақырып аясында ойымен бөлісті.
– Трансформация қарым-қатынастан пайда болады. Тұлға әрдайым өзін өзі дамытып отыру керек. Педагог-психолог басқаға көмек бермес бұрын, ең алдымен өзін дамыту керек. Бүгінгі педагогика, психология саласы қарқынды дамып келеді. Шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасамыз. Отандық ғалымдар мол тәжірибені өз саламызға тегіс енгізе салмаймыз, оны ұлттық болмысымызға сай келетіндей етіп бейімдейміз,-деді. Педагог-психолог мамандар ерекше таза жандар екенін айта отырып, білікті маман болып қалыптасу үшін оқу мен ізденістің маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Тәжірибелі маман бірнеше тренингтер арқылы, қатысушылардың жан дүниесін түсініп, маман ретінде кеңес те берді. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы және нәтижелі коммуникация» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Сондай-ақ, «Масканы шеш», «Жылы сөз», «Айт» деген тақырыптарда психологиялық жаттығулар жасалды.
«Педагогикалық психология» кафедрасының меңгерушісі Клара Сматова Күлмаш Ғалымжанқызына алғыс білдіріп, айтылған ақпараттар мен психологиялық жаттығулар қатысушылар үшін пайдалы әрі қызықты болғанына сенім білдірді. Алдағы уақытта студенттер үшін бөлек, ал педагог мамандар үшін бөлек іс-шара ұйымдастырылатынын хабарлады.
Дөңгелек үстел «Ой талқы» айдарымен жалғасты. Онда студенттер мен магистранттар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Маманның кеңесіне құлақ түрді.
Марапаттау
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының құрылғанына 60 жыл толуына орай әскери кафедра ұжымы ректордың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Награждения
В честь 60-ти летия со дня образования военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати коллектив военной кафедры был награжден благодарственными письмами от имени ректора.
Әскери кафедраға 60 жыл
2023 жылғы 24 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында кафедраның құрылғанына 60 жыл толуына арналған әскерилендірілген эстафета өтті.
Қонақтар қатарында Басқарма мүшесі - әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор А.Е. Тұрлыбек және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тәрбие жұмысы департаментінің дін жөніндегі бас маманы Б.К. Алпысбай болды.
Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздарын грамоталармен салтанатты марапаттау өтті.