Super User

Super User

Қыстың алғашқы күнін Дулати ұжымы көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Университеттің өнерлі оқытушылары «Жұлдызды Дулати 2023» байқауына қатысып, ән шырқады. Өнерсүйер қауым университет бас ғимаратының акт залында бас қосты.

Кешті Айгүл Мақашева мен Берекет Қосбергенов жүргізді. Сахна төрінде алты факультеттен алты жұп өнер көрсетті.

Байқау шарты бойынша қатысушылар екі әннен орындады. Бірінші айналымда патриоттық ән шырқаса, екінші айналымда еркін тақырыпта ән айтып, өнер көрсетті. Мерекелік кеште талантты ұстаздар патриоттық, лирикалық әндерді тамылжыта орындап, сахналық қойылым қойды.

Мәдениет саласының қызметкерлері әділ-қазылар алқасының мүшесі болды. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының эстрадалық әншілердің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Ғани Мәтебаев, облыстық филармонияның «Ақкербез» би ансамблінің бас балетмейстері, мәдениет саласының үздігі Айжан Қонарбаева және Дулати университеті, Кәсіподақ комитетінің төрағасы Берік Құсайынов қатысушыларға әділ бағасын берді.

Жұлдызды жұптар өнер көрсеткен жарыстың қортындысы бойынша III орынды Технологиялық факультеттен Нұрболат Ташшабаев пен Әсем Шыныбекова мен Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінен Пернеайым Сағымбекова мен Сандуғаш Усенова иеленді. II орынды Филологиялық-гуманитарлық ғылымдар факультетінің жұлдызды жұбы Марат Ибрагимов және Роза Мардазимова мен Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті атынан өнер көрсеткен Мұхтар Әбу мен Нұрдәулет Ағаниязов жеңіп алды. I орын Экономика және құқық факультеті атынан қатысқан Асқар Махамбетов мен Жанар Есілбаеваға тиесілі болды. Ал Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының атынан өнер көрсеткен Жандос Ескермесов пен Арман Асылбеков «Жұлдызды Дулати 2023» байқауының жеңімпазы атанып, бас жүлдені иеленді.

Кеш соңында университет ректоры Мұхтар Қазыбекұлы өнер көрсеткен барлық қатысушыға алғысын білдірді. Мәдениет саласының қайраткері Ғани Мәтебаев ұстаздардың дайындығына, талантына тәнті болғанын айтып, бұл өнердің артында үлкен дайындық жатқанын тілге тиек етіп, өнерпаздардың еңбегіне жоғары бағасын берді.

Дулати жұлдыздары бағалы сыйлықтармен, алғысхаттармен марапатталды. Бас жүлдеге Сарыағаш шипажайына жолдама табысталды.

2

3

4

5

6

«Көлік және машина жасау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Машина жасау» студенттік ғылыми үйірмесінің бастамасы бойынша «Шағын балама энергия қондырғыларын құру» атты конференцияның I туры өтті.

Конференцияға Қаратау қаласының №1, Тараз қаласының №3 мектеп-лицейлерінің оқушылары, Тараз Темір жол көлік және коммуникация, Тараз гуманитарлық техникалық, Тараз политехникалық колледждерінің студенттері мен оқытушылары және  «Машина жасау бұйымдарын құрамдау және өндіру» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Кафедра профессоры т.ғ.д. Сағат Жүнісбеков, доценттер т.ғ.к. Досымбек Джакияев, т.ғ.к. Бортан Қойайдаров қатысушыларға сәттілік тілеп, университеттің білім беру бағдарламалары, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, профессорлық-оқытушылар құрамы туралы, факультеттің материалдық-техникалық базасы бойынша  толық ақпарат берді.

Қатысушылар баяндама жасады. Оқытушылар мен профессорлар келесі баяндамаларға жоғары қызығушылық танытты: Қаратау қаласының №1 мектеп-лицейінің білімгері Д.А.Неретиннің  «Энергия БУДУЩЕГО»,  Тараз қаласының №3 мектеп-лицейінің білімгері Г.Сұлтанқызының «Шағын балама энергия қондырғыларын құру»,  Тараз политехникалық жоғары колледжінің білімгері Ы.Ж.Қояштың «Робот», Тараз Темір жол көлік және коммуникация колледжінің білімгері С.М.Бекботаеваның «Шағын балама энергия қондырғыларын құру» тақырыбындағы баяндамалары ұстаздар тарапынан жоғары бағаланды.  

Конференция нәтижесінде жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, жетекшілері мен баяндамашылар алғысхаттармен марапатталды.

Келер жылдың сәуір айында конференцияның II турын өткізу жоспарланып отыр. Бүгіннің өзінде мектеп, колледж оқушылары мен студенттері қатысуға қызығушылық танытып жатыр.

2

3

4

Текстиль, материалтану және стандартизация кафедрасының профессор-оқытушылары, «Текстиль» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Ежелгі қолөнер бұйымдарын қайта жаңғырту» тақырыбында «Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнершілер қауымдастығы шеберлерінің қатысуымен қала және облыс мектеп оқушылары мен колледж білім алушылары, «Технологиялық» факультетінің студенттері арасында дөңгелек үстел өтті.

Өнерлі жастар бас қосқан жиында ұлттық өнеріміздің озық үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Байзақ ауданының Сарыкемер, Түймекент ауылдарының, Сарысу ауданы Жаңатас қаласының, Тараз қаласы мектептерінің оқушылары, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері өнер туындыларын көрсетіп, суреттеп айтып берді.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.а., Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Сәуле Құрмантайқызы жастардың қолөнер жұмыстарына тәнті болып, жоғары бағасын берді. Қолынан іс келетін жастарды қолдау керегін айтып, ұлттық өнерді насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде келер жылы оңтүстік аймақта тоқыма кластерін дамыту бойынша жұмыстар атқарылатынын, университетіміз оңтүстік өңірдегі маман даярлайтын бірегей оқу орны ретінде өз үлесін қосатынын жеткізді. Тоқыма кластері ел экономикасын өсіруде айрықша орынға ие екенін атап өтті.

«Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнершілер қауымдастығы басшысы Гүлнәр Абдуллаева қолөнершілердің жұмыстары көзтартарлық әрі тақырыпты ашып тұрғанын айтты. Жастарға шығармашылық шабыт тіледі.

Іс-шара барысында «Өшпес мұра» облыс қолөнершілер қауымдастығы мен Дулати университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.

Ұлттық өнерді насихаттап жүрген жастар мен мамандардың басы қосылған жиында оқушылар мен студенттерді өнерге баулып, тәрбиелеген ұстаздары, колледж, мектеп директорлары марапатталды.

Ұстаздар оқушылар мен студенттердің қолөнер туындыларын жоғары бағалап, I, II, III орын иегерлеріне алғысхаттар табыстады. Өнерлі жастардың басын қосып, дөңгелек үстел жиынын ұйымдастырған доцент Жансәуле Рахманова қатысушыларға алғысын білдірді.

Оқушылар болашақта Дулати университетіне оқуға түсуге ынталы екенін айтып, мектеп ұстаздары болса магистратурада білімдерін жалғастырғысы келетінін жеткізді.

Дөңгелек үстел соңында өнерлі жастар күмбірлетіп күй тартып, тамылжытып ән айтып, көпшілік көңіліне қуаныш сыйлады.

2

2

2

2

2

Бейсенбі, 30 Қараша 2023 20:13

ОҚЫРМАН ҚАУЫМ ӘДЕБИ КЕШТЕ БАС ҚОСТЫ

Кітапханалық-ақпараттық орталығының  Көркем әдебиет секторы мен Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің   студенттері  қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері  Төлен Әбіктің шығармаларына арналған «Парасат майданының жауынгері»  тақырыбында әдеби  кеш өткізді. Іс-шара «Бір ел - бір кітап»  республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Әдеби кешке «Филология және журналистика» кафедрасының оқытушылары Бақытжан Мақашов, Зәуре Қойгелдиева, Айгүл Ануарбекова  Айгүл Иматаева және  кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Көркем әдебиет секторының жетекшісі Нұргүл Сапарғалиқызы «Бір ел- бір кітап»  республикалық акциясының тарихына тоқталып, биыл акция аясында белгілі драматург,  жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдікұлының шығармаларын оқу ұсынылғанын айтты. «Қарымды қаламгер – Төлен Әбдік»  атты дәстүрлі кітап көрмесін таныстырды.

Жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы қалың оқырманға да, әдеби ортаға да кеңінен танымал. Жазушы  талантының ерекше екеніне тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілінен шығып, ел құрметіне бөленді.

Кеш жүргізушісі «Филология және журналистика» мамандығының студенті Салтанат Болатбек Төлен Әбдіктің өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктерін баяндады.  «Филология және журналистика» мамандығының студенттері: Снежана Альжева «Өліара», Альбина Заутбек  «Жат перзент», Әкімжан Қуанышбекұлы   «Оралу»,    Әсем Асылбек «Оң Қол»,  Аяулым Рахымбек «Ақиқат»,   Жаннұр Әбдәлі «Тозақ оттары жымыңдайды»,   Эльниза Кемелбаева  «Бір күндік ашу»   және  «Электроэнергетика» мамандығының студенті Нұрдәулет Әбдібеков    «Қарасын» атты шығармаларының  мазмұндарына тоқталып, оқырманға аталған шығармаларды оқуға   кеңес берді.  

 «Мәдениет және өнер»    мамандығының студенттері қаламгердің «Оң қол»  шығармасы бойынша сахналық көрінісін ұсынып, көрерменннің ыстық ықыласына бөленді.

Әдеби кеш барысында студенттер Төлен Әбдіктің өлеңдерін оқыды.

 «Филология және журналистика» кафедрасының аға  оқытушысы Бақытжан Мақашов жазушының өмір жолына тоқталып, шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар – парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайтынын айтып өтті.

Кеш соңында өнер көрсеткен  қатысушыларға алғысхат тапсырылды.

2

3

4

Бейсенбі, 30 Қараша 2023 20:07

«ЖЫЛЫЖАЙ» ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасының "Жылыжай" эксперименттік учаскесінде білім алушылардың теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндіктері мол.

Жылыжай жұмысы тоқтап, біршама уақыт іші қаңырап қалған болатын. Соңғы уақытта олқылықтың орны толтырылып, жұмыс қайта жанданды. Бұрынғыдай студенттер тәжірибе жасап, қайтадан қызу тірлік пен қарбалас жұмыс басталып кеткен. 2023-24 оқу жылында "Жылыжай" эксперименттік учаскесі басшылық бастамасымен толық жөндеуден өтіп, қажетті техникалар мен құралдар университет тарапынан қаржыландырылды. Енді  магистранттар мен студенттердің ғылыми, тәжірибелік жұмыстарын жасауына толық мүмкіндігі бар.

Биология кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Зияева, Жылыжай меңгерушісі Сабырбек Еспенбетов пен кафедраның өзге де қызметкерлері жұмыстың жандануына өз үлестерін қосып келеді. Бұрынғы техника, құрал-жабдық бәрі қайта қалпына келтірілген. Жылыжай меңгерушісі Сабырбек Еспенбетов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті: – Жылыжайда  жыл бойы өсімдіктердің әр түрі және сорттары өсіріліп, зерттеледі. Бүгінде Құлпынайдың  Alba сорты өсіріліп эксперименттер жүргізіліп жатыр. Бұрыштардың Клаудио Ғ1, Гиганткрасный Ғ1, Альба сорттары өсірілуде.  Сонымен қатар,  көгалдандыру үшін қажетті декоративті өсімдіктердің көшеттерін де ектік. Раушан гүлінің «Норита», «Моника» сияқты бірнеше сортын отырғыздық. Бұлар суыққа төзімді гүлдер. Нөлден төмен градуста да жайқалып өседі. Көкөніс, өсімдіктер жақсы өсуі үшін түрлі тыңайтқыштар, биопрепараттар қолданамыз, - дейді.

Жылыжай аумағы толық игерілген. Шеткі бос орындардың өзінде пияз, шалғам, аскөк өсіп, жайқалып тұр.

 Жылыжай кешенінде әртүрлі инновациялық технологиялар пайдаланылады. Соның бірі су үнемдеу, яғни тамшылатып суғару технологиясы. Сонымен қатар өсімдіктерді топырақсыз өсіруге болады, ол үшін ағаш үгінділері немесе кокос субстраттары пайдаланылады. Бұл эксперименттік жұмыстар жүргізу үшін тиімді әдіс.  

Медиктік-биологиялық іс БББ 2-курс студенті Жания Пернебек жылыжай жұмысы мамандықты игеруге, теориялық білімді тәжірибе жүзінде зерттеп тануға көп көмегі тигенін айтады. – Ботаникалық өсімдіктердің биологиясы пәні бойынша практикалық сабақ өттік. Өсімдіктердің құрылысын зерттедік, өсімдіктің өсуіне әсер ететін факторларды анықтап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жан-жақты танып білдік. Болашақта алған біліміміз қажетімізге жарайтынына сенемін, - дейді болашақ биолог. Осы мамандықтың студенті Ақерке Құрманбай да жылыжайдағы зерттеу жұмыстары көп көмегін тигізетінін айтты: «Дәрілік өсімдіктердің биологиясы пәні бойынша осында лабораториялық жұмыстар орындадық. Сабырбек  ағайдың көмегіне жүгініп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін  зерттедік. Тәжірибе жасау арқылы біз мамандыққа машықтанамыз»,- дейді.

Жылыжай – студенттер үшін тәжірибе алаңы. Әрі ауа райы салқын кезде көкөніс пен гүлдердің өсуі көңілге қуаныш сыйлайды. Бақша жұмысын ұнататын, өсімдік егіп, оған қараудан рахат табатын адам үшін жылыжай жайлы орын.

Жылыжай жұмысы – табысты кәсіп көзі. Мұнда жұмыстың қыр-сырын меңгерген студенттеріміз бәлкім болашақта өз кәсібін ашуға қанаттанар. Істің көзін тауып, жұмысын жүргізер. Ал мұндағы тәжірибе, ұстаздардың көмегі, мамандардың кеңесі болашақ кәсіпкердің, білікті маманның қалыптасуына сеп боларына сенеміз.

243

Сәрсенбі, 29 Қараша 2023 17:42

Қайырымдылық ізгілік нұры

Қазіргі уақытта қайырымдылық адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің бірі болып табылады. Еліміздің әр азаматы мұқтаж жанға шын жүректен мейірім сыйлай алады.

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1 - 4 курс студенттері қайырымдылық іс шарасын ұйымдастырды. Іс шара өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында өткізілді. Негізгі мақсат орталықтағы бөбектерімізге, бүлдіршіндер мен жас жеткіншектерге ыстық ықылас пен жарқын көңіл - күй сыйлау еді. Кафедра ұжымы және студенттеріміз орталық тәрбиеленушілеріне әртүрлі танымдық ойыншықтар, қолөнер бұйымдарын жасауға арналған материалдар, тәттілер, жеміс жидектер қорабынан сыйлықтар апарды.

Қылқалам шебері, даңқты суретші Шәкен Ниязбеков – қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның мемлекеттік туының авторы туғанына  85 жыл толуына орай, 2023 жылдың 8-ші қазанында Технологиялық факультеті «Тамақ өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының қауымд. профессор А.Б. Мынбаеваның және «6B07214 - Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен ұйымдастыртырылған «Қылқалам шебері Ш. Ниязбековке 85 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

С целью формирование у обучающихся культурно-нравственных ценностей методами музейной педагогикии  интерес к музеям как основным хранилищам памятников материальной и духовной культуры  «25» 09 2023 г. кураторская группа  1 курса  ТПЕП 23 с огромным удовольствием посетили унивеситетский музей.

Посещение музея - подобная форма проведения кураторских часов с применением элементов музейной педагогики формирует у обучающих интерес к истории учебного заведения, развивает патриотизм и способствует актуализации общих компетенций:

Каждому студенту считать своей обязанностью соблюдение правил деловой и общей этики, при этом, развивая личностный и профессиональный уровень, внося вклад в процветание университета в целях создания необходимых условий для получения знаний и формирования активной жизненной позиции. Соблюдать кодекс чести.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Осы тұрғыда  «26»  10  2023 ж. күні В20ТИППП-1 топ студенттері мен Рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихы туралы ашық кураторлық сағат өткізілді. Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Сәрсенбі, 29 Қараша 2023 16:33

УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайына 2023-2024 оқу жылының әр жыл сайынғы жоспарлы жұмыстарының жүйелі жүргізу есебінде Технологиялық факультеті «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының В23 ТИППП-1,3  тобының білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен мұражайға экскурсия жургізілді.

Экскурсияның мақсаты студенттерге мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.

39 бет. Барлығы: 454
Top