Жылды қорытындылап, үздіктер марапатталды!

Жастар сарайында “DU UNION” жастар комитетінің ұйымдастыруымен “Welcome to DU NEW YEAR” атты жаңа жылдық кеш өтті.

Жаңа жыл құрметіне ұйымдастырылған кеште Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек жастарды жаңа жылмен құттықтады. Студенттерге жарқын болашақ тілеп, биік мақсаттарға жетіңдер деген тілегін білдірді.
Кеште унверситетіміздің үздік студенттік деканаттары мен клубтары анықталды.
Нәтижесінде:
Ең үздік студенттік деканат - “Филология және гуманитарлық ғылымдар” факультеті және “Технологиялық” факультеті;
Ең үздік ұйым - “Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы” жастар ұйымы;
Ең үздік клуб - “Жайдарман” көңілді тапқырлар клубы;
Ең үздік волонтерлік қозғалыс - “Парыз” еріктілер клубы;
Жыл серпіні - “Фемида” жастар клубы;
Ең үздік волонтерлік жоба - “Біз біргеміз” волонтерлік клубы болып анықталды.

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша үздік студенттер де марапатталды:

Жыл студенті - Керімбай Сапарбай;
Ең үздік волонтер - Мұхан Әли;
Ең үздік белсенді студент - Айтбаева Динара;
Ең үздік мобилограф - Темірбек Серіжан;
Ең үздік пікірсайысшы - Қырықбай Талант;
Ең үздік студенттік декан - Әуесхан Ақарыс;
Жас көшбасшы - Қонысбай Назерке;
 Қоғамдық қызметтегі үздік жас –  Ешмаханова Назгүл деп танылды.

2

3

4

5

Прочитано 231 раз
Top