Super User

Super User

Университетіміздің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Мәдениет және өнер кафедрасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасы ашылды.

Тұңғышбай Жаманқұлов актер, режиссер, театр педагогы. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Жамбыл облысының құрметті азаматы. Киелі сахна мен кино әлемінде 50 жылдан аса еңбек сіңірген өнер қайраткері осы уақытқа дейін Абы­­лай хан, Әбілхайыр, Қайырхан, Жә­ні­бек хан, Махамбет, Құнанбай сияқ­ты қазақ тарихында ерекше орны бар тұлғалар образын сомдап, көрер­меннің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Өнер өлкесінде өзіндік ізі бар қайраткер биыл 75 жасқа толып отыр. Саналы ғұмырын қазақ сахнасының өсіп-өркендеуіне арнаған тұлғаны университет ұжымы ерекше құрметке бөледі.

Шеберхананың ашылуына орай поэзиялық композиция ұйымдастырылды. Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов құттықтау сөз сөйледі.  – Қазақ өнерінің марқасқа азаматы, ұлағатты ұстаз, өнер қайраткері ретінде халық сізді құрметтейді. Өнер жолында ғана емес, білім мен ғылым саласына да елеулі үлес қостыңыз. Дулати университетінде «Актерлік шеберлік» бойынша дәріс оқисыз. Ашылған шеберхана кейінгі жас өнерпаздар, студенттер үшін үлкен мектеп болады деп сенеміз,- деді Мұхтар Қазыбекұлы.

Өнер майталманын құттықтау үшін Жамбыл ауданынан, Шымкент қаласынан арнайы келген қонақтар сөз алып, ізгі тілектерін білдірді. Сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Бекжан Тұрыс өнер қайраткеріне деген жылы лебізін жеткізді. – Туған жеріңіздің адамдары өзіңізді ерекше қолпаштап, құрметтеп жатыр. Осыған қарап жақсы адамның қадірі қашанда биік болатынын, халық өз бағасын беретінін білуге болады. Сізді біз аға ретінде үлгі тұтамыз. Өзіңізге, сөзіңізге, өнеріңізге қарап біз бой түзедік,- деді.

Ақжарқын тілектерге, жылы лебіздерге ерекше ризашылығын айтқан Тұңғышбай Қадырұлы өзіне деген құрмет, өнерге деген құрмет деп түсінетінін айтты. – Өнер жолы да, өмір жолды да қалтарысы-бұлтарысы көп күрделі жол. Мен  өнердегі адамдар таза болғанын қалаймын. Өткен күнімізге, тарихымызға көп мән беріп, біліп жүрсе екен деймін. Бүгінгі ашылу салтанаты, балалардың өнері үшін ризашылығымды білдіремін. Осы оқу ордасында білім алдым, сондағы ұстаздарыма рахмет айтамын. Мен үшін үлкен ұстаз ол – ұлтымның ұяты, ары, арманы. Осы жолда білім беріп, өнер өлкесінде жол сілтеген барша ұстаздарыма алғысым шексіз, - деп ризашылығын білдірді. Өнер қайраткері университет кітапханасына өзінің бірнеше кітабын, диссертациясын және әндер жинағын тарту етті.

Тұңғышбай Жаманқұлов Мәдениет және өнер кафедрасының студенттерімен бірге  «Өнер адамы» әнін орындады. «Өнер жолында да, өмір жолында да бақтарын жансын» деп студенттерге өз батасын берді.

Іс-шара соңында келген қонақтар, студенттер актермен естелікке суретке түсті.

2

2

2

2

2

2

Жастар сарайында “DU UNION” жастар комитетінің ұйымдастыруымен “Welcome to DU NEW YEAR” атты жаңа жылдық кеш өтті.

Жаңа жыл құрметіне ұйымдастырылған кеште Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек жастарды жаңа жылмен құттықтады. Студенттерге жарқын болашақ тілеп, биік мақсаттарға жетіңдер деген тілегін білдірді.
Кеште унверситетіміздің үздік студенттік деканаттары мен клубтары анықталды.
Нәтижесінде:
Ең үздік студенттік деканат - “Филология және гуманитарлық ғылымдар” факультеті және “Технологиялық” факультеті;
Ең үздік ұйым - “Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы” жастар ұйымы;
Ең үздік клуб - “Жайдарман” көңілді тапқырлар клубы;
Ең үздік волонтерлік қозғалыс - “Парыз” еріктілер клубы;
Жыл серпіні - “Фемида” жастар клубы;
Ең үздік волонтерлік жоба - “Біз біргеміз” волонтерлік клубы болып анықталды.

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша үздік студенттер де марапатталды:

Жыл студенті - Керімбай Сапарбай;
Ең үздік волонтер - Мұхан Әли;
Ең үздік белсенді студент - Айтбаева Динара;
Ең үздік мобилограф - Темірбек Серіжан;
Ең үздік пікірсайысшы - Қырықбай Талант;
Ең үздік студенттік декан - Әуесхан Ақарыс;
Жас көшбасшы - Қонысбай Назерке;
 Қоғамдық қызметтегі үздік жас –  Ешмаханова Назгүл деп танылды.

2

3

4

5

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2023 04:20

Материалдық құралдарды түгендеу

2023 жылдың 20 мен 22 желтоқсан аралығында басшылық құжаттарға сәйкес әскери кафедрада материалдық құралдарды түгендеу өтті.

Материалдық құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия құрамы техниканың, мүліктің және басқа да материалдық құралдардың бар-жоғын тексерді. Түгендеу 85395 әскери бөлімі өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.

Түгендеу қорытындысы бойынша актілер жасалды ескертулер жоқ.

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2023 04:14

Инвентаризация материальных средств

В соответствии с руководящими документами с 20 по 22 декабря 2023 года на военной кафедре прошла инвентаризация материальных средств.

В ходе проведения инвентаризации материальных средств, составом комиссии было проверено наличие техники, имущества и других материальных средств. Инвентаризация была проведена с участием представителей войсковой части 85395.

По итогам  инвентаризации были составлены акты, замечаний нет.

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2023 04:13

Республикалық кикбоксинг турнирі

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 823 оқу взводының студенті С. Кенесқали 2023 жылғы 4 мен 10 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері А. Нұрпейісовті еске алуға арналған ерлер арасындағы кикбоксингтен өткен  республикалық турнирге қатысты.

І орын алып, дипломмен, кубокпен және медальмен марапатталды.

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2023 04:10

Республиканский турнир по кикбоксингу

Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати 823 учебного взвода  Кенескалы С. с 4 по 10 декабря 2023 года участвовал в Республиканском турнире по кикбоксингу среди мужчин в городе Петропавловск, посвященный памяти мастера спорта международного класса А. Нурпеисова.

Занял І место, награжден дипломом, кубком и медалью.

Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күніне орай запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаевтың басшылығымен «Бүркіт» ПБСЖ полициямен бірлескен студенттік жасағының студенттері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлерімен және ҚР ҚК ардагерлерімен бірлесіп «Жеңіс» саябағында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қаза тапқан жауынгер-батырды рәсімге қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.

В честь дня рождения полководца, легендарного сына казахского народа, Героя Советского Союза Бауыржана Момышұлы, студенты отряда содействия полиции СОСП «Беркут» под руководством  подполковника запаса Дуйсенбаева А. А. совместно с офицерами Управления командующего войсками РгК «Юг» и ветеранами ВС РК возложили цветы памятнику Бауыржана Момышұлы в парке «Жеңіс».

Память павшего воина-героя  участники церемонии почтили минутой молчания.

Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2023 03:39

ІШКІ КУРСТАР

«Сөйлеу мәдениеті»

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 10.01.2023ж-12.01.2023ж аралығында «Сөйлеу мәдениеті» курсы өттті. Курсқа 123 тыңдаушы қатысты.

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Робототехника негіздері»

30.01.2023ж-10.02.2023ж аралығында профессор оқытушылар құрамына «Робототехника негіздері» атты курс өткізілді. Нәтижесінде курсқа 65 тыңдаушы қатысып, сертификатталды.

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Студентке бағытталған білім берудің заманауи психологиялық-педагогикалық құралдары»

«Студентке бағытталған білім берудің заманауи психологиялық-педагогикалық құралдары» атты курс 2023 жылдың 23 қаңтары мен 28 қаңтар аралығында өткізілді. 34 тыңдаушы қатысты.

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Эмоционалды интеллект және конфликтіні басқару»

09.01.2023ж-20.01.2023ж.аралығында «Эмоционалды интеллект және конфликтіні басқару» атты курсы өтті. 50 тыңдаушы қатысты.

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Ақылы негізде "Intensive English Practice Course" Elementary курсы "Intersive English Practice Course" Pre-Intermediate Level және "Intersive English Practice Course" Intermediate Level

2023жылғы 02 мамырдан 16 мамыр аралығында ПОҚ мен университет қызметкерлеріне ақылы негізде "Intensive English Practice Course" Elementary курсы бойынша 14 тыңдаушы, "Intersive English Practice Course" Pre-Intermediate Level курсы бойынша 13 тыңдаушы және "Intersive English Practice Course" Intermediate Level курсына 5 тыңдаушы қатысты.

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«General English (A2 level)» және «General English (В1 level)» курсы

Магистратураға түсу мақсатында ағылшын тілін үйренуге ниет білдірген университеттің 4 курс білімгерлері және химия мамандықтарының инвестициялық жобаларын іске асырудың дипломдық бағдарламалары шеңберінде ағылшын тілін үйрену мақсатында 1 және 3 курс білімгерлері «General English (A2 level)» және «General English (В1 level)» курстары 2023 жылғы 3 сәуірден 2023 жылғы 31 мамыр аралығында университет білімгерлеріне курстар жүргізілді. «General English (A2 level)» курсы бойынша - 60 тыңдаушы, «General English (В1 level)» курсы бойынша - 75 тыңдаушы.

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Заманауи білім беру және ғылыми қызметтегі электронды ресурстар мен ғылымиметриялық құралдар» атты курс.

11.12.2023ж-14.12.2023ж аралығында «Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» орталығының ұйымдастыруымен кітапханалық-ақпараттық орталықтың директор орынбасары Рыбалкина Н.В. және ДҚҮжКПА бөлімінің ІТ мамандары профессорлық-оқытушылар құрамына «Заманауи білім беру және ғылыми қызметтегі электронды ресурстар мен ғылымиметриялық құралдар» атты 24 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізді. 49 қатысушы.

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялары» курсы

20.02.2023ж-03.03.2023ж аралығында профессор оқытушылар құрамына «Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялары» курсы өткізілді. 1 топ бойынша – 73 қатысушы, 2 топ бойынша – 74 қатысушы.

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

33 бет. Барлығы: 454
Top