«Oqy`shy Arlany» облыстық ашық турнирі өтті

Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы» мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік униветситетімен бірлесе отырып қазақ күресінен қазақтың балуаны халық компазиторы Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай 11 сынып оқушылар (ұлдар) арасында «Oqy`shy Arlany» облыстық ашық турнирі өткізілді.

Аталған спорттық іс-шараға Тараз қаласы мен аудан оқушылары 35 қамтылып жүлделі І-ІІ-ІІІ орын иеленген оқушыларға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кез келген факультетіне бір жылдық оқу ақысына келесі жеңілдік сертификаттары  табысталды:  І-орын 100 %,, ІІ-орын 75 %,, ІІІ-орын 50 %.

І-орын Тұрым Ислам Тараз қаласы (ОРОММИК)

ІІ-орын Мақсатұлы Нұрдаулет Жамбыл ауданы Абай орта мектебі

ІІІ-орын Мадияр Айбар Тараз қаласы №5 мектеп-гимназия.

Университет басшылық тарапынан қолдау көрген бұл жобаны ұйымдастырған Дене шынықтыру мен спорт теориясы кафедрасы мен Маркетинг және кәсіптік бағдарлау басқармасының басшысы Алуа Назарбековаға алғыс білдіреміз.

 

Прочитано 264 раз
Top