ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІП-ҚАТЕРІ КӨП

Жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар көп. Әсіресе, жастар жағы. Тез елітіп, жылы сөзге тез еріп кететін болғандықтан, солай. Ал бір рет жаңылысып, жаза басқанды қайта қатаруға қосу оңай емес. Жас буынды қауіп-қатерден сақтандырудың бірден-бір жолы – алдын алу.

Осындай мақсатпен «Қолданбалы математика және статистика» кафедрасы №1 Студенттік үйінде «Жастар және имандылық» тақырыбында 2022 жылдың 28 ақпанында студенттермен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға Дулати университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментіне қарасты Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев және кафедра оқытушылары қатысты.

Кездесуде студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың өзектілігі және де қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиялық белгілері мен қауіп-қатері туралы кеңінен ақпараттар айтылды.  Студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

1

2

https://www.instagram.com/tv/CaoqATvF54x/?utm_medium=copy_link

Top