БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2022 жылдың 03 - ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті КММ тарапынан «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық семинар ұйымдастырылды. Бұл облыстық семинарға Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы, қалалық және аудан әкімдігінің білім бөлімдері және 9-сыныптарда өтілетін «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізетін тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Барлығы 100-ге жуық педагог мұғалімдер қатысып, білім беру жүйесіндегі дінтану ғылымының өзектілігі мен оқыту сапалығы, қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясын алдын-алу мақсатында жастар арасында ұлттық тәрбиені жаңғырту бағыттары туралы көкейкесті мәселелер талқыланды.

 

Top