ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

2021 жылдың 02-желтоқсанда  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Д.Кәрібектің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің мүшесі ретінде Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, БАҚ тілшілері және кеңес мүшелері қатысты. Кеңес отырысының күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:

  • облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Н.Қалымбетовтың баяндамасы;
  • облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы А.Садубаевтың баяндамасы;
  • облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың баяндамасы тыңдалды.

1

Баяндамашылар ұлтаралық келісім мен діни татулықты нығайту мемлекетіміздің саясатының басым бағыты екендігін, осы бағытта облысымызда "Бейбітшілік пен келісім" жобасы аясында атқарылған жұмыстардың маңызы зор болғандығын атап өтті. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Д.Кәрібек дін саласында заңбұзушылықтардың алдын алу үшін алдымен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру қажет екендігін және облыстағы ұлтаралық келісім мен діни татулықты нығайту бағытында жұмыстарды ары қарай жалғастыру қажет екендігін атап өтті.

Top