«СТУДЕНТ ЖАСТАР АРАСЫНДА ДІНИ ФАНАТИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ»

2021 жылдың 23-қарашада «Технологиялық» факультетіне қарасты  «Химия және химиялық технология» кафедрасының топ кураторы С.Мамешованың ұйымдастыруымен «Қазіргі әлемдегі лаңкестік және діни экстремизмнің қауіпі» тақырыбында онлайн форматында кураторлық сағаты өтілді. Бұл іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, студенттерге қоғамдағы діни жағдайымен таныстырып өтті. Ең бастысы студенттерге түсіндіру барысында қоғамдағы дінаралық және этносаралық қақтығыстардың туындауына жол бермеу және Қазақстан халқының көпэтносты және көпконфессиялы біртұтастығы мен бірлігін көрсететін рухани-мәдени мұраны одан әрі сақтау мен дамыту міндеті айтылды. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

Top