«СТУДЕНТ ЖАСТАР АРАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ КӨРІНІСТЕРІН АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ»

2021 жылдың 03-қарашада «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетіне қарасты «Техникалық физика» кафедрасының 1-курс кураторлары Т.Қ. Қасенова және Ж.А. Сылкимованың ұйымдастыруымен «Студент жастар арасында діни экстремизм көріністерін алдын-алу жолдары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы кураторлық сағаты өтілді. Бұл іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, «Физика» мамандығының 1-курс студенттеріне қоғамдағы радикалдық діни идеологияға қарсы жастардың бойында  рухани тәрбиені және ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың өзектілігі туралы айтылды. Сонымен қатар, конфессияаралық және ұлтаралық қатынасты сақтау негізінде университеттің ішкі тәртіп Ережесін, студенттерге арналған Ар-намыс кодексін және Этика кодексін орындау барлық студенттерге ортақ міндет екені түсіндірілді.   Қатысқан студенттер саны – 25.

Top