ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

07.10.2021ж. күні Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев және «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының кураторы С.С.Абдраимовамен бірлесе отырып, «Аударма және ағылшын филологиясы» мамандығының 1-курс студенттеріне діни экстремизмнің алдын-алу профилактикалық жұмыстарын жүргізді. Кездесуде санитарлық талаптар сақталып, Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде студент жастарға қоғамдағы діни жағдаймен таныстырып өтті. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабының 4-тармағы бойынша діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады. Ал, ҚР «Білім туралы» Заңына сəйкес, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты болып табылатындығы туралы түсіндірілді.

Top