СТУДЕНТТЕРДІҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2021 жылдың 31-наурызда Дулати университетінің «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтына қарасты «Мелиорация және агрономия» кафедрасының оқытушысы Қоңыр Сандуғаштың ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне кураторлық сағатын өткізді. Аталған іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, дін саласында өз пікірін білдірді: «экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Сол үшін  діни радикалдық идеологияға қарсы рухани иммунитетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды тоқтатпау керек» атап өтті.

Дінтану орталығының бас маманы

Б.Алпысбаев

Top