М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ № 2 СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ ӨТІЛГЕН ІС-ШАРАНЫҢ АҚПАРАТЫ

2021 жылдың 29-наурызда «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетіне қарасты «Философия және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен №2 Студенттер Үйінде студенттерді деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтау мақсатында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның «діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау нысандарын, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін түсіндіру», «орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында оқитындарды рухани-адамгершілік, оның ішінде үкіметтік емес секторды тарта отырып тәрбиелеу бойынша іс-шараларды өткізу» бағыттарын жүзеге асыру мақсатында дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиялық қауіп-қатерлері түсіндірілді.  Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.

 
 

Дінтану орталығының бас маманы

Б.Алпысбаев

Top