ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ДІН САЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2020 жылдың 23-желтоқсанда Дулати университеті «Мұнай, газ және механика» факультетіне қарасты «Электрэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы Ғани Құттыбаев Үсенұлының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне және топ кураторларына ZOOM платформасы арқылы дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев қатысып, қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтану және алдын-алу жолдарына байланысты  ғылыми танымда рухани иммунитетті арттыратын бағыттарды тоқтатпау керек екендігін атап өтті. Рухани дүниетанымы, ой-санасы ұлттық құндылықтардан нәр алып  өз тарихын, мәдениетін білген жас ұрпақ,  өзге радикалдық діни ағымның қатарына кете қоймайды. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.   Барлығы қатысушылар саны – 23.

Дінтану орталығының бас маманы

Б.Алпысбаев

Top