ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Филология және журналистика» кафедрасының аға кураторы Айгул Ануарбекованың ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне ZOOM платформасы арқылы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Алпысбаев қатысып, дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіп-қатері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және сақтану жолдары туралы ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, кураторлар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай ғылыми танымда жауаптар берілді. Жалпы қатысқан студенттер саны -49.

03.12.2020ж.

Дінтану орталығының бас маманы

Б.Алпысбаев

Top