«ҚАЛДЫҚСЫЗ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСТАЙЫҚ» АТТЫ ЭКО-АКЦИЯ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының, «Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасының 6В05212 – «Өнеркәсіптік мекемелердің экологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 3 курс студенттері мен топ кураторлары Жанар Уйсимбаева, аға оқытушысы Шарбат Мусабаева және тәрбие іс және кадрлық жұмыстар жөніндегі директор орынбасары - Байназаров Ұлан Айтжанұлы қолдауымен , институт көлемінде «Қалдықсыз болашаққа қадам бастайық» атты тақырыпта эко-акциясы ұйымдастыруымен балаларға қамқорлық жасау, жүрек жылуымен бөлісу мақсатында «Үміт балалар» үйіне қайырымдылық іс- шара ұйымдастырылды.

Толығырақ

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі

Кафедрада студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде студенттер жоғары жетістіктерге жетіп жатыр. 2024 жылы мамыр айының 3 күні «Студенттік ғылым – зерттеу әлемі» тақырыбындағы XXVI студенттік ғылыми-практикалық конференциясының ашылу салтанатында 6В07311- «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының студенттері Сман Анель Серікқызы және Болатбек Аружан Бакыткызына «Студент зерттеуші» біліктілігі берілді. Студенттердің ғылыми жетекшісі - Нұралы Жазира Утепәліқызы студенттерге зерттеу жұмысын жүргізуде бағыт - бағдар беріп, жетекшілік жасады.

Толығырақ

ЕКІ ЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

«Мұнай, газ және тау кен-ісі» кафедрасының докторанты Кембаев А.Р. 28.03.2024-28.04.2024. ж.ж. аралығында Әзірбайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының «Мұнай-газ институтында» және «Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде» тағылдамадан өтті.

Толығырақ

Әсемдік қыздарға жарасады

Дулати аруы-2024- Нұрлан Мерей Нұрланқызы!

Бас жүлде тағы да біздің кафедраның Ару қызы МЕРЕЙДЕ!

Университетімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Дулати аруы-2024» сұлулық байқауына кафедрамыздың 6В07312-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Нұрлан Мерей Нұрланқызы қатысып, бас жүлдеге ие болды.

Толығырақ

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ - ҚОҒАМНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ

25.04.2024 ж. «Қаржылық пирамидалардың зияны» атты тақырыпта «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Экология және ТӘҚ» кафедрасының студенттерінің қатысуымен сонымен қатар «Экология және ТӘҚ» кафедрасының оқытушылары А.Қ. Жумадилова, Ж.М. Джанаева, Г.Ә. Әлімхан және С.З. Жигитованың ұйымдастыруымен ашық практикалық семинар өткізілді. Семинарға Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің майоры, аға жедел уәкiлі Исатаев Жағыпар Кожахметовичпен кездесу өтті.

Толығырақ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының 2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмыстары жоспарына қарай «Салауатты өмір салты денсаулық кепілі» тақырыбында медицина қызметкерлерімен кездесу кафедраның 3 курс топ кураторлары Нұралы Жазира және Ауесбеков Нуриддиннің ұйымдастыруымен №2 Студенттер үйінде өткізілді. Кездесуге университетіміздің медицина мамандары Дуйсебаева Бақыткул Изетуллаевна, Турбаева Жания Мейрамбекқызы шақырылып, институтымыздың тәрбие ісі және кадр мәселесі жөніндегі директор орынбасары Байназаров Ұлан Айтжанович, кафедра меңгерушісі Ахметов Ерғали Сейілбекұлы және профессор оқытушылар құрамы қатысты.

Толығырақ

Шығармашылық көрме өтті

"Сәулетші" студенттік ғылыми үйірмесінің (бұдан әрі-СҒҮ) жұмыс жоспарына сәйкес студенттік ғылыми үйірмемен «Тарихи сәулеттік ескерткіштердің сәулеттік деталдер мен фрагменттері» такырыбындағы уйымдастырып отырган шығармашылық жұмыстардың көрмесі өтті.Көрмеге Дулати студенттері, Жамбыл облысы және Тараз қаласының мектептері мен орта оқу орындарының бітіруші сынып оқушылары қатысты.

Толығырақ

Шакен Ниязбековтың 85 жылдық мерейтойына орай шығармашылық көрме өтті

М.Х. Дулати атындағы М. Уркумбаев атындағы ТарӨУ Жастар сарайында "Сәулет және құрылыс өндірісі" кафедрасының ұйымдастыруымен "Сәулет" білім беру бағдарламасының студенттерінің "Қазақстанның мемлекеттік туының авторы Шакен Ниязбековтың 85 жылдық мерейтойына орай шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.

Толығырақ

Екі жақты меморандумға қол қойылды

"Qazaqgaz барлау және өндіру Амангелді ЖШС" мен «Дулати» университетінің арасында екі жақты мемарандумға қол қойылды.

Кездесудің негізгі мақсаты– дуалды оқыту бағдарламасын іске асыру боынша келісім-шарт жасасу. Аталған жиынға университет тарапынан Басқарма төрағасы-Ректор Мұхтар Байжұманов мен басқарама Мүшесі-ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев және академиялық жұмыстар жөніндегі департамант директоры Сауле Алимбекова, ал өндірістен мекеменің Бас директоры Алмас Қуандықов, директордың өндірістік ісі бойынша орынбасары Аңсар Бақбергенов, персоналды басқару бөлімінің жетекшісі Алия Худибаева, сонымен қатар «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

Толығырақ

Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!

Су ресурстарын басқару ББ 3-курс студенттері "Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!" тақырыбында ашық куратор сағатын өткізді.

Ашық куратор сабақтың мақсаты: - Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Тәуелсіздік тарихы 1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира сынды көп  қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 – желтоқсанда  Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, ата-анасына «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрдық. Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат асылымыздай құрметтеп, келер ұрпақ қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпаннан  қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Толығырақ

Тарих төріндегі Тараз!

Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты «Экология және ТӘҚ» кафедрасы 2023 ж. 8 желтоқсанда жастарға тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Тарих төріндегі Тараз!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлерін шақырды. Музей қызметкерлері жылжымалы көрме ұйымдастырып, Тараз қаласының даму тарихы, мәдениеті, ескерткіштері жайлы әңгіме баяндап, қорық-мұражай қорынан әкелген ерекше  тарихи жәдігерлер мен ежелгі қыш ыдыстары және презентация көрсетілді.

Толығырақ

"Оралхан Бөкей- төр Алтайдың асылы"

2023 жылдың желтоқсан айының 6 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының «6В08615-Су ресурстарын басқару» ББ 3 курс студенттері Оралхан Бөкейхановтың 80 жылдығына орай «Оралхан Бөкей – Төр Алтайдың асылы» тақырыбында ашық кураторлық сағатын өткізді.

Мәңгілік ақ қар жамылған асқар шыңдары, ал етегінде ағысы асаудай тулап жатқан Бұқтырма өзені бар, қазақ Алтайының киелі топырағында дүниеге келіп, аса дарынды талантымен барша қауымды таңғалдырған, Қатонқарағай ауданының «Құрметті азаматы», Қазақ ССР Мемлекеттік Абай сыйлығының, Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, «Молодая гвардия», «Жалын» баспалары сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі» орденінің иегері жерлес жазушымыз Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл толып отыр.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар беру

2023 жылдың желтоқсан айының 1 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының т.ғ.к., доценті Джурумбаева Рахима Абдрахманқызы және аға оқытушы Байжигитова Мадина Төреханқызы Тараз қаласының білім бөлімінің Мұхтар Ауезов атындағы №33 орта мектебіне барып кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қарастырған өзекті мәселесінің бірі «Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр» -деп айтып кетті. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Осы мәселені іске асыру барысында су мамандарының айтарлық орны бар екендігі, суға қатысты мамандықтарға көптеген гранттық орындар бөлінетіндігі қозғалды. Аталған міндеттерді жүзеге асыру – мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады. Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, су ресурстары мамандықтарына, атап айтатын болсақ «6В08615-Су ресурстарын басқару», «6В07301-Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», «6В07302-Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын, яғни су ресурстары мамандықтарын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасады. 

Толығырақ

Қайырымдылық ізгілік нұры

Қазіргі уақытта қайырымдылық адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің бірі болып табылады. Еліміздің әр азаматы мұқтаж жанға шын жүректен мейірім сыйлай алады.

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1 - 4 курс студенттері қайырымдылық іс шарасын ұйымдастырды. Іс шара өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында өткізілді. Негізгі мақсат орталықтағы бөбектерімізге, бүлдіршіндер мен жас жеткіншектерге ыстық ықылас пен жарқын көңіл - күй сыйлау еді. Кафедра ұжымы және студенттеріміз орталық тәрбиеленушілеріне әртүрлі танымдық ойыншықтар, қолөнер бұйымдарын жасауға арналған материалдар, тәттілер, жеміс жидектер қорабынан сыйлықтар апарды.

Толығырақ

Қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті.

Қасым хан билік құрған жылдар 1511-1523 жылдар болса қазіргі 2023 жылда Қасым-Жомарт Тоқаев басқарған заманда араға 500 жыл салып қазақтың саны 20 миллионға жетті.

Тарихтағы ашаршылық пен геноцид болмағанда бәлкім бұдан көп болар ма едік.

Қасым хан, Ұлы далаға, Қазақтың жеріне “орысты да , қытайды да” кіргізбеген!

Толығырақ

Су – тіршілік көзі!

Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, ол адамдарға және басқа да тіршілік иелеріне өмір сыйлады.

Суды қалай сипаттауға болады? Оның дәмі де, түсі де, иісі де жоқ. Мен күн сайын суды пайдаланамын: қолымды жуамын, душ қабылдаймын, тістерімді ысамын және сусын ретінде қолданамын. Сусыз өсімдіктер, жануарлар және адамдар тіршілік ете алмайды. Ежелгі адамдар өзендердің қасында не үшін қоныстанғанын түсіндім. Ол адамдарды ыстықтан сақтап, егін өсіруге көмектескен. Су болмаса адамзат қалай өмір сүретін еді? Мұны елестету өте қиын.

Толығырақ

Экстремизм мен терроризм және оның зардаптары

2023 жылдың қараша айының 15 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының 6В08615- «Су ресурстарын басқару» ББ 3 курс студенттеріне "Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ" тақырыбында куратор сағаты өткізілді. Куратор сағатының мақсаты: Студенттерге экстремизм, терроризм туралы түсінік беру. Бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды. Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік - саяси жүйемен келіспей, оны түбірімен қайта құруды ұсынушы саяси топтың көзқарасы. Сондай - ақ, діни радикализм тіркесі өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады.

Толығырақ

Студенттер күні құтты болсын!

Құрметті студенттер сіздерді бүгінгі 17 қараша студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқуларыңызды қызылға бітіріп, білікті маман иесі болыңыздар! Өмірдің осы студенттік шағын қызықты өткізіңіздер!

Толығырақ
Top