COVID – 19 ВИРУСЫ ЖӘНЕ САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

«Су ресурстары» кафедрасының 1-4 курс топ кураторлары М.Т.Байжігітова, Қойшыбаева Г.Д., Ержанова Н.К. және Қожамкулова Г.Е.  «COVID – 19 вирусы және сақтану жолдары» тақырыбында 1-4 курс студенттермен Сауран медицина орталығының қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Сауран медицина орталығының қызметкерлері коронавирус ауруының пандемиясы туралы толық мағлұмат берді. Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары түсініксіз пневманияға шалдыққаны анықталған кезден басталады екен. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты–өкпені зақымдауында. Вирусты жұқтырған адам еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады. Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Ауру туралы негізгі ақпаратты аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсінуіміз керек. Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді:Түшкіру,Әлсіздік,Бас ауру,Дене қызуының көтерілуі,Тамақтың жыбырлауы,Кеуде қуысының ауыруы,Жүрек қағысының жиілеуі,Тыныс алудың жиілеуі, Коронавирус қалай таралады?

Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ ҚАБЫРҒАСЫНА ЕҢ АЛҒАШ КЕЛГЕНІМІЗ

Университеттегі алғашқы күніңіз ең бірінші адасумен басталады.

Өйткені он бір жыл оқып, біліп келген үстеліңіз, кабинетіңіз жоқ енді. Санаңызда «аудитория» дейтін түсінік пайда болады. «Мұғалім» сөзін «профессор» дейтін ауқымды ұғым ауыстырады. «Лекция», «семинар» сынды таңсық атаулар сізді өзіңіз білмейтін әлемге жетелейді. Алғашқы күннен үлкен өмірге қадам басқаныңызды іштей сезіне бастайсыз. Себебі мектеп қабырғасындағы күндеріңізді алып орда университет ішіндегі алуан-алуан қызыққа толы нәрселер айырбастайды.

«Су шаруашылық және табиғатты пайдалану» институтының, «Экология» кафедрасының, «052-Қоршаған орта»білім беру бағдарламасының «6В05212-Өнеркәсіптік мекемелердің экологиясы» мамандығының 1курс студенттері және топ кураторы Жанар Тлеукуловна Уйсимбаева

ТОП КУРАТОРЫ ЖАНАР ТЛЕУКУЛОВНА УЙСИМБАЕВА

Толығырақ

МАҚСАТЫМЫЗ – ТЕРЕҢ БІЛІМ АЛУ

"Білім күні" құтты болсын! Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!

Толығырақ

СТУДЕНТТЕР САЯХАТТАДЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Экология» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне 1,2 - курс студенттері саяхатқа шықты.

Толығырақ

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

Достық үйі ғимаратында Дулати университеті «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» және «Экология» кафедраларының студенттері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесу өтті.

Толығырақ

ПӘН ОЛИМПИАДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Жыл сайын 5В080500  «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының студенттері пәндік олимпиадаларға қатысады.

Толығырақ

ҰЛЫЛАР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

«Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» және «Экология» кафедралары Ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин тақырыбында семинар өтті.

Толығырақ

АР-НАМЫС КОДЕКСІ, АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІ

Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты  «Су ресурстары» кафедрасының жоспардан тыс мәжілісінде  Ар-намыс кодексі, академиялық адалдық және әдеп жөніндегі Кеңес ережесі, сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы кафедра ПОҚ құрамы таныстыру және талқылау жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮРЕКТЕ

Адам өміріндегі ең игі ұлы істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасап адамгершілік қасиеттерді бойына дарытады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастап, ізгіліктің нұрын себеді.

Толығырақ

ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Мемлекет басшысы былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында биылғы жаңа жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атауымен айрықша атап өтілетіндігін айтқан болатын. – Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз.

Толығырақ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Тараз өңірлік университетінің «Дінтану» бөлімі студент жастар арасында діни ағартушылық жұмыстарын жүргізуде.

Толығырақ

БІЗ -ТАЗА ҚАЛА ҮШІН!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы» аясында 2021 жылғы 6 сәуір күні «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты, «Экология» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен студенттері сенбілік өткізді.

Сенбілік көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді. Гидрокешен аумағын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазартып шықты.

Шара соңында кафедра оқытушылары мен студенттері естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты

сенбілік1ex

Медиа-қызмет

Толығырақ

«КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!»

Бір аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторының ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл» толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді.

Толығырақ

«ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ»

«Су ресурстары» кафедрасы аға кураторы Байжігітова Мадина Төреханқызының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Толығырақ

ТАБИҒАТТЫ ТАЗАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ-ҰРПАҚҚА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘБИЕ БЕРУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ!

Наурыз мейрамы - әлемде тойланатын ең көне мейрамдардың бірі, әрі бірегейі. Шамамен алғанда, Орта Азия халықтары бұл атаулы мерекені бес мың жылдан бері тойлап келеді. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта түлеп, тіршілік атаулының қайта жаңаруы бастау алатын бұл кез - Жаңа жылдың басы саналады.

Толығырақ

ҚОШ КЕЛДІҢ – ӘЗ НАУРЫЗ!

«Су ресурстары», «Мелиорация және агрономия» және «Экология» кафедраларының аға кураторларының ұйымдастыруымен «Қош келдің –Әз Наурыз» тақырыбында гидрокешен жатақханасында студенттерге арнап мерекелік ән-шашу және наурыз көже тарату мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Мерекелік кешімізді «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің директоры Бейсембин К.Р. ашық деп жариялап студенттерге және қонақтарға тілегін айтты: Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!Наурызым қайта оралды аты аңыз,Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

Толығырақ

ӨМІРІН ҒЫЛЫМҒА АРНАҒАН ҒАЛЫМНЫҢ БІР КҮНІ

2020-2021 оқу жылында «Су ресурстары» кафедрасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, т.ғ.докторы А.А.Абдурамановтың еңбек жолындағы жетістіктері туралы қазіргі болашақ жастарға «Өмірін ғылымға арнаған ғалымның бір күні» атты кездесу ұйымдастырылды.

Толығырақ

2021 ЖЫЛЫ 2 НАУРЫЗ ЖҰЛДЫЗЫНДА «СУ РЕСУРСТАРЫ» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА КУРАТОРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «1- НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ» ОРАЙ «АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ!» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫН ӨТКІЗІЛДІ

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым – қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.

Толығырақ
Top