25.04.2024 ж. «Қаржылық пирамидалардың зияны» атты тақырыпта «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Экология және ТӘҚ» кафедрасының студенттерінің қатысуымен сонымен қатар «Экология және ТӘҚ» кафедрасының оқытушылары А.Қ. Жумадилова, Ж.М. Джанаева, Г.Ә. Әлімхан және С.З. Жигитованың ұйымдастыруымен ашық практикалық семинар өткізілді. Семинарға Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің майоры, аға жедел уәкiлі Исатаев Жағыпар Кожахметовичпен кездесу өтті.

photo1714116307
Кездесу барысында қаржылық пирмамида мен күн сайын жүздеген, ай сайын мыңдаған адам алданып, айдың-күннiң аманында жиған-терген қаржысынан айырылып қалып жатқандығына көптеген мысалдар келтірді. Қазақстанда соңғы 5 жылда қаржы пирамидаларының алаяқтық қызметі бірнеше есе өскен. Олардың барлығы аферистік схемаларды қолдану арқылы халықтан ақша жинауға бағытталған. Қазақстанда қаржы пирамидасын құрғандар қылмыстық жауапқа тартылады.
Қазақстандағы қаржы пирамидаларымен күрес үкімет пен құзырлы органдардың бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Қаржы пирамидалары қызметінің алдын алу мен жолын кесуде заңнамалық шаралар, бақылауды күшейту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және халықты оқыту маңызды рөл атқарады. Қол жеткен нәтижелерге қарамастан, бұл проблемамен күресу азаматтарды қорғау және елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларын үнемі назарда ұстауды және жетілдіруді талап етеді.

photo1714116322
Қарызды несиемен жабу, азық-түлікті пайызсыз бөліп төлеумен сатып алу қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Мұны қымбатшылық қысқан замандағы күнкөріс қамы деп ақтауға болатын шығар. Бірақ жұртқа еріп, кредитке кіріп, соңғы үлгідегі смартфон мен киім-кешекке дейін несие ресімдейтін жастар туралы не айтуға болады? Науқандық «жеңілдікке», әсіресе қалтасында көк тиыны болмаса да, көрпеге қарап көсілуді білмейтін жастар үйір. Салдарымен емес, себеппен күресу үшін жастардың бойында қаржылық сауатты қайтсек қалыптастыра аламыз? Студенттердің қаржылық болашағын жақсарту үшін білім беру жүйесімен бірлескен іс-шаралар өткізудің маңызы зор. Қаржы пирамидалары, лудомания және заңсыз ойын бизнесі соңғы кезде өршіп барады.
Баяндамашы азаматтарымыз веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде қаржылық пирамидалардың белгілерін көрсеңіз хабар беріңіздер, деп мекенөжайы мен байланыс телефондарын ұсынды. Бұл олардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алады.
Семинарда кәсіби бейнероликтер мен презентация көрсетілді, студенттер аталған іс-шара бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

«Экология және ТӘҚ» кафедрасының аға оқытушысы Джанаева Ж.М.

 

 

Top